Созақта әр жерде шашылып жатқан садақтың ұштары табылды
Тарих - табанымыздың астында! Құмкент пен Жаңатастың ортасын Қаратаудың аласа жотасы басып жатыр. Сол жерде Көкжон деген плато бар. Төбесі жап-жазық. Жақында ғана жаңадан кен орыны ашылды.
Осы Көкжон талай тарихты ішіне бүккен. Созақтың жігіттері мына садақтың ұштарын әр жерде шашылып жатқан жерінен теріп алыпты. Шамасы, бұл жебелер Құмкент қаласы үшін қазақ пен Хиуа хандығы арасындағы соғыста қалса керек. Немесе қалмақпен соғыста қалуы да мүмкін. Жақын маңда әлі жоңғар батырының атымен аталатын жерлер бар. Созақта қазаққа сіңген қалмақ та біршама.
Ал мына монеталарды бір күрек бойы тереңнен қазып алған. Орыс патшасының ақшалары арасында Қытайда 1660-жылдары шыққан тиын да бар.
Меніңше, Көкжондағы кен қазуды шұғыл тоқтатып, археологтар жұмысты бастауы тиіс!
Тоқтар Жақаштың facebook парақшасынан
Abai.kz