Сенбі, 23 Қараша 2024
3494 1 пікір 5 Қараша, 2018 сағат 13:01

Алматы мектептерінің директорларына ақша жинауға тиым салынғаны ескертілді

Алматы әкімдігінде мектеп директорларымен кеңес өтті, онда білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесуді ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Мемлекет басшысының білім жүйесіне айрықша назар аударатынын, бұл мәселенің халыққа Жолдауында айқын көрініс тапқанын атап өтті. Білім саласын қаржыландыру жыл өткен сайын арта түсуде. Алматыда тек соңғы 5 жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру 27 млрд. теңгеге өскен.

Алматыда мектеп жасына дейінгі және жалпы орта білім берудің сапасын күшейту мақсатында жыл аяғына дейін білім жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және PIZA, SAT, AST сынды халықаралық стандарттарға көшуде бірыңғай кәсіби талаптар енгізуге қатысты шаралар жоспары бекітіледі. Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау аясында елді мекендерді дамыту жоспарлары мектеп салу сызбаларымен үндеседі, соның арқасында жеке инвестициялар есебінен мектеп құрылыстарының қарқыны артатын болады.

Дегенмен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры Данияр Таумұрат өзінің сөзінде білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды белсенді түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

«Қазірдің өзінде жұртшылық мектепті жөндеу, тазалау немесе басқа да шараларға ақша жинау фактілерінің орын алатыны туралы хабарлап жатады. Біз мұндай істерге ата-аналар шығынданбаулары тиіс деген сенімдеміз, өйткені барлық қажеттіліктер үшін бюджеттен жеткілікті қаржы бөлінеді. Сыбайластыққа қарсы күрестің ұтымды жолы – цифрландыру, мұнда мемлекеттік қызмет көрсету процессінде шешім қабылдау үшін адами фактор жойылады. Білім басқармасы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда, өткен жылдан бастап «Алматы мектеп» бағдарламасы жұмыс істей бастады, биылғы жылы бала бақшаларға кезекке қою бағдарламасы қолға алынады», - деді Данияр Таумұрат.

Ол мектептерде ақша жинауға қатысты ақпараттардың барынша тексерілетінін, егер ондай келеңсіздіктер расталатын болса тиісті құқықтық баға берілетінін айтты. Ақша жинау фактілеріне кінәлі жандарға қатаң шаралар қолданылады, тіпті сыбайластыққа қарсы күрес заңнамасына сай қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

«Педагогтардың басты міндеті – балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Қазіргі кезде ата-аналардан оқу орындарын жөндеуге, түрлі заттар алуға қатысты ақша жинауға еш негіз жоқ. Өкініштісі, кейбіреулер өздерінің мемлекеттік секторда қызмет ететінін ұмытып кететін сияқты. Мемлекеттік білім мекемелеріне тиесілінің барлығы – мемлекеттің меншігі, яғни салық төлеушілердікі», - деді қаланың Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова.

Ол өзінің сөзінде жыл сайын Білім басқармасы ақша жинауға жол бермеу мақсатында әр мектепке «Білім мекемелерінде ақша жинауға тиым салынғаны туралы» хат жіберілетінін, оны орындау қаладағы білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелетінін айтты. Тек 2018 жылы 7 мектеп директорлары қызметтерінен босатылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371