Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
4789 3 пікір 21 Қараша, 2018 сағат 11:56

Түркістан облысындағы аудандар көркейіп жатыр

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында біршама шаралар атқарылып жатыр.

Түркістан облысындағы аудандар мен елді мекендер көркейіп жатыр. Облыс аумағындағы аудандарда, оның ішіндегі елді мекендерде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында біршама шаралар атқарылып жатыр. Солардың бірі, Түлкібас поселкесіне кіре беріс жерге «Түлкібас менің жүрегімде» деген латын әрпінде белгі орнатылған және сол жерде орналасқан «Қазақстан Теміржолы» АҚ мекемесінің көлік тұрағының бойындағы көше қабырғаларына демеушілер тарапынан тарихи суреттерге түрлі бояулармен рең беріліп, заманауи стильде тарихи суреттер салынған.

Сонымен қатар, темір жол аспалы көпірдің заманауи тұрғыда келбетін келтіру мақсатында демеушілер тарапынан пианино үлгісінде бояу жұмыстары жүргізіліп, орталық көше бойына пилондар орнатылған. Пилондарда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаладағы бағыттары жазылған. Бұл пилондар түнгі уақытта жарықтандырылып тұратын көрінеді.

Айта кетейік, облыстық маңызы бар Н.Өзбеков көшесіне толығымен асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы халыққа пайдалануға берілген. Алдағы уақытта түнгі жарықтандыру жүргізілетін болады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1391
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2968
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1038
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 971