Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1666 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 22:25

Елбасы мақаласы. Түркістандық жастар тарихты талқылады

Түркістанда «Терең тарихтан - жарқын болашаққа!» aтты облыс  әкімінің жүлдесі үшін республикалық пікірсайыс турнирі  өтті. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен басқарма басшылары, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі төрешілер мен жас пікірсайысшылар қатысты.

Республиканың барлық өңірінен 75 команда қатысқан пікірсайыста Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көзделген  мәселелер қаралды. Жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білу сынды  қасиеттерді қалыптастыру көзделді.

Сондай-ақ, аталған шара қатысушылардың сыни ойлау, шешендік қабілетін дамытып, жастарға Түркістан қаласының тарихын тереңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жастардың Түркістанды түлетуге шақырды. Ел  болашағының жарқын болуы үшін білімдерін жетілдіріп, көп еңбектену керектігін атап өтті. Ал, турнирге қатысқан жастар замандастарын болашақтың баяндылығы үшін сауаттылыққа, достыққа шақырып, олардың  қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын сезінуге шақырды.

Пікірсайыс барысында  тақырыпқа сай мемлекеттік маңызы бар мәселелер жастардың көзқарасымен талқыланып, оларды шешу бағытында  тың  идеялар мен механизмдер ұсынылды.  Турнир қортындысы бойынша үздік  фракциялар мен спикерлер анықталып, олар 700 мың теңге жүлде қорымен марапатталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608