Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1738 0 пікір 18 Қараша, 2018 сағат 22:38

Жал­­пы жыл басыннан бері мұқ­­таж аза­маттардың 99,7 пайызы әлеуметтік қызметтермен қамтылған

Түркістан облысында жыл басы­нан бері 30 мыңнан астам отбасыға жалпы сомасы 12769 млн теңге көле­мінде атаулы әлеуметтік көмек берілді. Сондай-ақ, өз кәсібін ашу үшін 15 мыңнан астам отбасы 30 мыңнан астам ірі қара мен уақ мал берілсе, 1500 астам отбасы құс шаруашылығымен шұғыл­данып отыр.

Тағы бір қуан­тарлығы, халқы тығыз шоғырланған Түркістан облысынан биылдың өзінде солтүстіктегі өңірлерге 1112 адам қоныс аударып, тиісті төлем­дерін алып жатыр.

Бұл туралы облыстық Жұ­­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масының басшысы Мұхит Отаршиев айтып берді.

Басқарма басшысы Мұхит Отаршиевтің мәліметіне сүйенсек, облыста ағымдағы жылдың 9 айында 30 436 отбасыға (173 620 адам) жалпы сомасы 12769 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Сондай-ақ, шартты ақшалай көмек алушы­лардың өз кәсібін ашу үшін кіші бизнес жобалар әзірленіп, нәти­жесінде 15 127 отбасы 17 мыңға жуық ірі қара мал және 14 500 уақ мал алып, 1689 отбасы құс ша­руа­­шылығымен шұғылданып отыр.

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету арқылы да 2580 адам өз ісін ашқан. Жиында халқының саны өзге өңірлерден әлдеқайда басым Түр­кістан облысындағы ішкі көші-қон мәселесі де сөз болды.

«Республиканың солтүстік өңір­леріне халықтың өз еркімен қоныс аударуы жанданып келеді. Аталған кезеңде облысымыздан 263 отбасы, яғни 1112 адам қоныс аударып, тиісті төлемдерді алып жатыр. Бұл республика бойынша солтүстікке қоныс аударған адам­дардың 40 пайызын құрайды», – деді Мұхит Отаршиев.

Облыста «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспардан болса, өткен 9 айдың қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа ор­наласқан.

Аталған бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Мәселен, техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қам­та­масыз етуге 7953 адам оқуға жолданған. «Әр ауылға өз шебері» акциясы бойынша 2600 азамат оқуға жіберіліп, Оның ішінде оқуды аяқтаған 2 мың адамның 1200-і тұрақты жұмысқа орналасқан.

Елба­­сының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламасына сәйкес, ұлттық қол­өнер шеберлері, ұлттық тағам­дарды әзір­леу аспаз, суретші, кескін­де­меші мамандықтары және дәнді да­қылдарды өндеу, агротехникалық мамандықтар бойынша 2 мың адам білім алып жатыр. Оның 1400-і оқу­ды аяқтап, 1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау-Биз­нес» жобасы аясында оқытуға 1730 адам оқуға жолданып, тиісті серти­фикат­тарын алған. Сертификат алған 215 маман 1,1 млрд теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етілді. Шағын несиемен қамтамасыз етуге жоспарланған 792 адамның 543-і 2,3 млрд теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 842 жаңа жұмыс орны құрылды. Басқарма тарапынан халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқыр­лығы арқылы еңбек нарығын да­­мыту шеңберінде 43700 адамға қызмет көрсетіліп, нәтижесінде өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар арасын­дағы жұмыссыздық 4,4 пайыз көлемінде болып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлерді әлеуметтік қолдау бойынша ағымдағы жылы барлық бюджеттер есебінен 8,6 млрд теңге қаралған. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 64 мыңға жуық техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіліпті. Ал зейнеткерлер де назардан тыс қалмай, әлеуметтік қолдау көр­­­­се­тілген. Атап айтқанда, 7800 зей­­нет­­­кер басқармаға қарасты «Ар­да­гер­лер» және «Мейір» сауық­тыру кешендеріне жолдама алған болса, 80 жастан асқан жалғызілікті 310 қар­ияның зейнетақыларына ай сайын жергілікті бюджет есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөл­ше­­рін­де көмек беріліп келеді. Жал­­пы жыл басынна бері, өңірде мұқ­­таж аза­маттардың 99,7 пайызы ар­нау­­лы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

Abai.kz

0 пікір