Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2389 0 пікір 22 Сәуір, 2011 сағат 06:20

Қанағат Жүкешев. Тіл комитетіндегілер мен тіл майданындағылардың тіршілігі

Тіл комитетінде болғаным бар. Ербол Шаймерденнің тұсында мен көтеріп жүрген мәселелерді ғылыми форумдарда ортаға салып талқылауға келістік (Президент аппараты жағынан нұсқау болған соң). Комитеттегілер А.Байтұрсынов атындағы тіл білімдері институтында талқылау ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. Мен бірден келістім. Кездесу 2010 жылдың көктемінде өтті. Тілші ғалымдар сұрақ қоюшының, мен жауап берушінің рөлін ойнадық.

Бұл кездесуден мен Г.Тардтың «бірдеңені түсінгісі келген адам және оның 60 пайызын түсініп келген адам ғана оны толық түсіне алады» деген сөзінің растығына көз жеткіздім. Институт қызметкерлері тілдің өзекті мәселелерін талқылауға, түсінуге, пікірталастан ақиқатқа қарай жылжуға тырыспады, жабылып, мені сүріндіру үшін жанталасты. Бірақ мен қиналатындай сұрақ болмады, болуы мүмкін емес те еді. Соңында «егер менің кітабымда келтірілген негізгі тұжырымдарды сынап, талқандап тастасаңыздар мен өкпелемеймін. Маған қарсы тұжырымдарыңызды ғылыми журналдарда жарияласаңыздар құп болар еді. Ашық ғылыми айтыс өткізейік» деген ұсыныс жасадым. Институт үнсіз қалды.

Б.Омаров та мені жылы қабылдады. Пікір алысып, хабарласып тұрайық деген сыңай білдірді. Мен қазақ тілін 2020 жылға дейінгі аралықта дамыту бағдарламасына қатысты ұсынысымды жазып бердім. Бірақ арамыздағы байланыс одан арыға бармады.

Бұл кездесулерден шығарар қорытындым мынау: қазақ кадрларының бәрі «ақылды», «тек жүріп, тоқ жүргенді» қалайды. Олардың ұстанымы: «өзім ешқандай ынта танытпаймын; бөгденің ұсынысын қолдамаймын; теріске шығаруға интеллектім жетпейді».

Қазақ кадрлары көтеу, игіліктілігін көріп тұрса да, ол өзінің лауазымды қызметі шеңберінде әрекет етуге бармайды, егер жоғарыдан нұсқау болмаса.

Қазақ кадрлары белсенді, халқына кесірі тиетінін көріп тұрса да, ол өзінің лауазымды қызметі шеңберінен аса әрекет етуге барады, егер жоғарыдан нұсқау болатын болса.

М.Шаханов және оның айналасына топтасқан адамдардың да діттегені дұрыс, істері жанкешті, жүректі қозғайды, шулары жанашырлық сезім туғызады. Бірақ, өз басым оларға қосыла алмаймын. Өйткені, тіл мәселелері қызуқанды отаншылдардың ниеттерінің дұрыстығымен, айғайларының ащылығымен, әрекеттерінің жанкештілігімен шешілмейді. Ұлтпаттардың шулауынан өзгерген дәнеңе жоқ, өзгермейді де.

Неге?

Қоғамның терең қойнауларында қордаланып қалған мәселелердің қайсысының болса да шешімін табудың алдымен ғылыми жолдарын қарастыру керек. Демек, қазіргі қазақ тілінің жағдайына реальді баға беретін, сонан кейін оны ары қарай дамытудың жолдарын көрсетіп бере алатын ғылыми теория болмай алға басу мүмкін емес. Теория мен әдіснама қатар жүреді. Ғылымдар әдіснамасы - ол философия. Осылардың қағидаларына сүйеніп тұжырымдама жасалады. Тұжырымдама негізінде бағдарлама жасалады.

Ұлтпат байқұстарда осылардың бірі де жоқ. Қайдан болсын! Тіл комитетіндегілер мен лингвист ғалымдардың өздері мәселенің теориялық жағына адым баса алмай отырғанда. Сондықтан, алдын ала айтамын, ұлтпаттардың ғана емес, тіл мәселелерімен айналысып жүргендердің бәрінің ісі - еш нәтиже бермейтін, мартышканың бейнеті. Ірі ақын М.Шаханов қана емес, ірі ғалымдар мен жоғары лауазымды қызметкерлердің де ешқайсысы тіл мәселелерін шешудің әдіснамалық-теориялық байыбына бара алмай отыр.

Әр таңым - шапағатты шақ

Я знаю пароль,

я вижу ориентир...

(әннен).

Түн сайын келесі таңның тезірек атқанын аңсап ұйқыға батам. Олжас ақын айтқандай, әр таңым - шапағатты шағым. Әр таң жаңа идеялар, тың ойлар болып көкейге қонып, мені алға жетелеп отырады. Алтын түсті «Тойотаммен» ертемен жұмысқа ағызып бара жатқанда көзім бағдаршамда болғанымен, ойым қазақтың рухани аспанында шарықтап жүреді. Жейтін наным да, ішетін суым да, менің хоббиім де, маған өмір беріп отырған элексирім де сол - ұлтты ұлықтайтын ұлы тұжырымдар. Оларды қағазға түсіріп үлгіру - бақыт. Өкінішке орай, материалданып үлгірмей, ауаға тарап кетіп жатқандары да жетіп артылады.

Қазақтың рухани өмірінде шешілмейтін түйін жоқ. Тек іске асыратын интеллектуалды күш жетіспейді. Бірге атқарысатын ой қолдаушылар керек.

Мен - ғылымға кешігіп келген адаммын. Ізбасарларым жоқ. Сондықтан ынтымақтасқысы келгендерге құшағым айқара ашық. Осы жазбалардың соңында электрон тұрағымды беріп отырмын.

Маған оптимистік қуат беретін нәрсе - менің идеяларымды түсінетіндер мен оларды қолдаушылардың күн сайын артып отырғандығы. Қазақ тілінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін ұжымдасқан әрекет жасау керектігін білемін. Бір қоғамдық ұйым құрып, қор жинау ойда бар. Қазір «Мемлекеттік тіл: қазіргі күйі және даму философиясы» кітабымды толықтырып, орысшаға аударып жариялауды қолға алудамын.

Қазақстан аспанындағы тұман да сейіліп келеді. Қалың қара сұр бұлттың арғы жағында жарқыраған күн күліп тұр. Мен оның шашыраған сәулелерін көріп тұрмын. Бірақ бейшара халқым ауылындағы күлтөбесінен арғыны көре алмай, зар илеп күнелтуін жалғастырып келеді. Ниеті дұрыс болса да, қылығы теріс. Саңлауына сәуле түсірмек болғанның жағасына жармаса кетеді. Сонысымен, көпшілігі, Тамұқ күзетшісі Цербер төбет сияқты, қапастағы қараңғы тіршілігінен айырылып қалмау үшін күресіп жүргенін аңғармайды.

Барлық сұрақтарға бірден жауап беріп тастау мүмкін еместігіне көз жеткізіп отырмын. Қазақ баспасөзі, зиялылар туралы жеке мақалалар, тіпті одан да көлемді еңбектер жазу керек. Біртіндеп алға тартылған мәселелердің бәрінің шешімін табуға болатынына сенемін. Ол үшін, тағы айтамын, өркениетті пікірталастар жүргізу керек.

Сіздерден хаттар, лебіздер күтемін.

Қанағат Жүкешев.

E mail: kzhukesh@mail.ru

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434