Жексенбі, 24 Қараша 2024
2635 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 21:42

Түркістанда «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жемісін беруде

Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеруге бас назар аударғаны белгілі.

Түркістандық жастар «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, кәсібін жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облыстық Жастар орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ахан Рахымбердиев — Түркістан облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, бүгінгі таңда өз кәсібін жүргізіп отырған жастардың бірі. Ол Сарыағаш қаласында баспа қызметтерін ұсынатын, жарнама жұмыстарымен айналысатын — «Эффект жарнама» реклама орталығын ашты.

Бүгінгі таңда қала тұрғындарына өзі секілді жас мамандармен бірлесе, ісін ары қарай дамытуда. Болашақта еліміздің дамуна үлес қосатын мықты азамат болуды армандайды.

Еске сала кетсек, «Жас кәсіпкер» бағдарламасына 18-29 жас аралағындағы өңір тұрғындары ғана қатыса алады. Конкурс нәтижесінде жобаны қаржыландыруға 7 пайыздық мөлшермен 2 млн теңгеге дейін несие беріледі. Дегенмен жастарда 2 кепілгер немесе 1 кепілдік заты болуы шарт. Стартап жобалар Ырыс микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылады. Оның мерзімі 60 айға дейін, ал жеңілдетілген мерзім 9 айға дейінгі уақытты қамтиды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608