Жексенбі, 24 Қараша 2024
2145 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 11:50

Биыл Түркістан облысының туристік әлеуетін көтеретін көптеген шаралар өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сай Биыл Түркістан  облысында ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту мақсатында және өңірдің туристік әлеуетін көтеру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, өңірдің табиғи және географиялық ерекшеліктеріне қарай әрбір аудан қалада бір-бірден «Наурыз Қазығұрттан басталады», «Қызғалдақ фестивалі», «Қымызмұрындық», «KASKASU» суретшілер планэрі», «Агро fеst», «Safari Shardara» жобалары сәтті жүзеге асырылды. Алдағы уақытта «Қасқасуға қар түсті»,  «Қасқасу мен Біркөлік арасындағы шаңғы шаттығы» байқауы, «Тау самалы – жан самалы», «Салбурын – саятшылық мерекесі» және «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланған.

Сонымен қатар, облыс әкімі  биыл «Туған жер» жобасы аясында Түркістан өңірінде кәсіпкерлердің қатысуымен  жалпы құны 28 млрд. теңгеден асатын 428 нысан салынып жатқанын айтты. Бүгінде оның 23-і іске қосылған.

Сондай-ақ, ұрпақты білімді, әрі рухани бай етіп тәрбиелеу бағытында өлкенің тарихын кеңінен тану, зерттеу мақсатында оқушыларға арналған «Өлкетану» оқулығы дайындалды. Одан бөлек, Түркістан қаласы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің жинағы басылатын болады. Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени сәулеттік және археология ескерткіштерінің фотоальбомы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалынып, «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар жинағы»  мен «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері»  кітабы жарық көрді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5669