Жексенбі, 24 Қараша 2024
2184 1 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 22:54

Сарыағаштан шығатын сағыздар Орта Азия елдеріне экспортталып жатыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысына ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Осы мақсатта өңірдегі әр саланы дамытуға нақты тапсырмалар да берген болатын. Бұдан бөлек, Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеруге бас назар аударғаны да белгілі.

Түркістан облысының журналистері Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінде орналасқан «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехының жұмысымен танысты.

Айта кету қажет, бұл цех 2012 жылы өз жұмысын бастаған. Шағын өндіріс орны алты жыл ішінде жан-жақты даамыпғ қуаттылығын арттырып отыр.Бүгінгі таңда цехт бір ауысымда төрт мың блок өнім (сағыз) өндіреді. Жобаның жалпы құны жетпіс миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын директоры Қ.Жаназаров сағыз шығаруға қажетті шикізаттарды  қазіргі таңда Түркия елінен алып отырғанын айтады. Және де өндірілген өнімдер ішкі нарықта аса жоғары сұранысқа ие екен.

Сонымен қатар қатар, кәсіпкер бұл сағыздарды Орта Азияның  Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан секілді елдеріне экспорттап жатқанын да айтып қалды. Мұнан өзге «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехында 1 ауысымның өзінде 30 адамды  жұмыспен қамтылғанын да айтып кету керек. Кәсіпорында негізгі жұмысшыларын жастар құрайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5646