Жексенбі, 24 Қараша 2024
1871 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 23:05

Бес бастама шағын және орта бизнестің дамуына демеу болды

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды. Бастамада өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстарына қолдау білдіріп, жеңілдетілген шағын несие беру жайлы айтылған болатын.

Ордабасы ауданында оңды іс байқалады. Ауданда әсіресе, шағын және орта бизнес дамып, жұмыссыздар қатары азайған. Тірлігін ұршықша иіргендердің дені - мемлекет қолдауына иек артып отыр. Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлерге шағын несие ұйымдары арқылы 2 млрд. 450 млн. теңге несие рәсімдеген. Ал, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» серіктестігі 44 кәсіпкерге қаржы үлестірді.

«Ордабасы Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі аудандағы ірі қожалықтың бірі. Бүгінде бұл ұжымның төрт құбылаы сай деуге болады.  32 дана ауыл шаруашылық техникасы бар. Қазір жер емген диқандар  2200 гектар жерге мақта егіп, 900 тонна өнім алды.

Әбілдә Әлібеков - «Ордабасы Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы

Біздің кооператив 2016 жылы құрылған. Қазір бізде 35 шаруашылық бар. 2200 гектар шаруашылық жеріміз бар. Сол жерде жоңышқа, жүгері,мақта орналыстырып отырмыз. 

Ал, Қарақұм ауыл округіндегі «Сәтті жол» кооперативі жұмысын осыдан бір жыл бұрын бастаған-ды. Берекелі ұжым таяуда мал сою бекетін іске қосты. Әуелі, ірі қара басын көбейтіп, мал бордақылайтын арнайы қора салды. Қазір бұл кооперативке 28 жан мүше. 72 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Іісін ілгерілету үшін мемлекет қолдауына иек артты. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы - 25 млн. теңге несие алды.

Ермекбай Сәтенов - «Сәтті жол» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы

Мал сою бекеті 2017 жылы желтоқсанның  22-не іске қосылды. Қыстай мал сойып шықтық. Жалпы «Сәтті жол -1 » ауылшаруашылығы өндіріс кооперативінде 28 мүше бар. Жалпы ұызметкерлердің саны 72.

Тоғыз айда толайым табысқа жеткен ауданда  28 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Ал, индикативтік көрсеткіштерге сәйкес 12 ауылшаруашылығы кооперативі құрылған. Нәтижесінде был басынан бері ауданда жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемі - 11 млрд.тан асты.  Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артық. Жоспар 106% -ға артығымен орындалып отыр.

Г. Қалмырзақызы  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652