Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2083 0 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 12:34

Түркістан облысында латын әліпбиіне қатысты ғалымдармен басқосу өтті

Жуырда Түркістан қаласына «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша ғалымдардан құралған насихаттық топ барды. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы мен Назарбаев университетінің профессоры Жазира Ағабекова бастаған топ облыс әкімі  Жансейіт Түймебаевпен кездескен болатын.

Басқосуда латын әліпбиін насихаттауға байланысты  семинарлар барысы баяндалды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын шаралар барысы  Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте де айтылды. Онда сала мамандары латын әліпбиінің мән-маңызы мен емле-ережесіне кеңірек тоқталды.

«Қазіргі таңда emle.kz сайты жұмыс істейді. Онда барлық азаматтар латын әліпбиімен танысып, ұсыныс-тілектерін жолдай алады. Латын әліпбиі біздің тарихымызда болған. Сондықтан қайта оралу қиынға соқпайды. Жаңа жасақталған латын әліпбиі арқылы сырттан сөз алғанда өзіміздің төл дыбыстарымызға реттеп алатын боламыз. Бұл Байтұрсынов сынды қайраткерлеріміздің бастамасы», - деді Оразкүл Асанғазы.

Баспасөз мәслихатында ғалым Жазира Ағабекова жаңа әліпби 2019 жылдан басталып кезең-кезеңімен сатылап енгізілетінін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір