«Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалардың форум-фестивалі өтеді
Республиканың дарынды және келешегі мол балаларына қолдау көрсету және ынталандыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 8-9 қараша аралығында Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Республикалық «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивальдің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.
«Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивальінің жұмысына республиканың барлық өңірлерінен келген 320 балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпазы қатысады.
«Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивальге қатысушы балалар үшін мастер класстар мен Қазақстанның белгілі тұлғаларымен кездесулер ұйымдастыралы
«Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнект жерлерін аралайды.
«Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивальдің салтанатты аяқталуында Форум-фестивальге қатысушылардың гала-концерті болады.
«Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілетін болады.
Өткізу орны: Астана қ., ЭКСПО 2017 аумағы, «Холл Энергии» залы
Форумның ашылуы: 8 қараша сағат 10.00
Форумның жабылуы мен республикалық форум-фестивальға қатысушы-балалар концерті: 9 қараша, сағат 18.00-де, Астана қ., ЭКСПО 2017 аумағы, «Холл Энергии» залы.
Abai.kz