41-мәрте өткізген баспасөз конференциясында Ресей президенті: "Біз қарулануды тежеу халықаралық жүйесінің сәтсіздігіне куә болдық. Оған АҚШ-тың келісімнен шығуы себеп болды. Соған байланысты біз қарулану жарысына қосылуға мәжбүр болдық, тіпті алға шықтық. Бірақ бұны мүмкіндіктердің теңесуі ретінде қарауға болады. Басқа ештеңені білдірмейді. Бірақ олар тағы келісімнен - орта және қысқа қашықтыққа арналған зымырандарды жою туралы құжаттан шығады. Сонда біз не істеуіміз керек? Ертең бізді озып кетті деп сынап жүрмесін", - деді.
Путин баспасөз конференциясын мәліметтерді қысқаша таныстырудан бастады: Ресейде барлығы жақсы, "ілгері басу үшін" ұлттық жобалар қажет. Ақшаны босқа таратуға болмайды, оны ұлттық жобаларға салу керек.
Украиналық тілші Роман Цимбалюктің "оккупацияланған Донбасқа қанша ақша жұмсалды?" деген сұрағына ол: "Украина билігі экономикалық блокада енгізді, өз азаматтарын атып жатқан да солар, біз "бейбітшілік пен өркендеуді қалаймыз", - деп жауап берді.
"Әскери тұтқындар алмастыруды үнемі жүргізіп отырамыз. Керчь бұғазында ұсталған украин теңізшілерін алмастыру қылмыстық істі аяқталған соң жүзеге асады", - деді Путин.
Abai.kz