Елордада Ұлы Отан соғысының тарихы тақырыбындағы көрме өтіп жатыр
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева/ - Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» атты көрме өтіп жатыр.
Көрме - «Әскери әндер» атты мәдени шарасы аясында Ұлы Жеңістің 66 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластыра ұйымдастырылып отырған қомақты мәдени шара.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жас ұрпаққа өнеге болар бабалар ерлігін үлгі ету мен жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру, отансүйгіштік пен батырлыққа баулу.
Көрмеге Ұлы Отан соғысынан қалған қару-жарақ, әскери киімдер, майданнан келген хаттар сынды тарихи жәдігерлер қойылған. Сонымен қатар жұртшылық назарына «Сталинград түбіндегі шайқас», «Ленинград қоршауы», «Рейхстагқа ту тігу» «Жеңіс шеруі» тақырыбындағы соғыс алаңында өткен оқиғалар мен әскери қимылдар тарихын баяндайтын фото шежіре ұсынылған.
Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағамбетов сынды аты аңызға айналған тарихи тұлғалардың әскери тақырыптағы еңбектері мен естеліктері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы тақырыбын арқау еткен өзге де шығармалар «Ұмытылмас ұлы ерлік» атты кітап көрмесінен келісті орын тауып, бүгінгі жас ұрпаққа қазақ батырларының ерлігін паш етіп тұрғандай әсер қалдырады.

Бүгінгі көрменің салтанатты ашылуына Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің ұландары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.
«Бүгінгі жас ұрпақ - еңселі еліміздің тірегі, тәуелсіз мемлекетіміздің жас ұландары - жиырма жылда қомақты жетістіктерге жетіп үлгерген Қазақстанның қайратты қорғаны, мәртебесін марқайтар жарқын болашағы, сондықтан да бабалар ерлігі мәңгілік өнеге болып, ұлт бірлігі мен достық пейіл негізгі тірек болып, ел шаңырағы асқақ, ұрпағы ұлағатты болғай», - деді шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Президенттік Мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков.