Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2943 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 07:57

Сенат және Мәжіліс депутаттары Ақжайық ауданы тұрғындарымен кездесті

ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақжайық ауданы орталығында сенаторлар Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев және Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов тұрғындармен кездесті.

Кездесуді аудан әкімі Абай Иманғалиев ашып, жүргізді.

Р.Ахметовтің атап өткеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың су тасқыны болған Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан жағдайға қанығып, қыспақта қалған халық тұрмысының оңалуын қаперде ұдайы ұстау қажеттігін айтқаны мәлім. Бірінші кезекте қажет қаржы бөлініп, алғашқы шараларға жұмсалуда. Облыс орталығы мен жекелеген аудандарда су тасқыны зардаптарының шығыны нақты анықталу үстінде.

Тасқын басып, су қоршауында қалған елді мекендер халқына жан-жақты көмек көрсетілуде, ішер тағам, жатар орын берілгені де белгілі.

Көктемгі су тасқынының зардаптарын жоюға байланысты көптеген қам-қарекет әңгімелеген соң депутаттар жұрттың алуан сұрағына жауап берді. Осы дидарласудан кейін Шавхат Өтемісов ауданның бірнеше ауылында тұрғындармен кездесіп, тұрғындар сауалына жауап берді. Кейбір сұрақ-жауап мына бағытта өрбіді.

Ақжайық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Лұқпанов: -«Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Кенттің тұсынан көпір керек» атты мақалада баяндалған жағдайға байланысты тұрғындар бір шешім күтеді. Өйткені ол көптен айтылып келе жатқан көкейкесті мәселе. Бұл қалай болар екен?

Ш.Өтемісов: -Иә, бұл маңызды мәселенің көтерілгеніне көп болды. Облыс әкімі Б.Ізмұқанбетовтің де жігерлі қолдауын көріп жүрміз. Қаржы дағдарысы килікті, енді, міне, су тасқыны. Ел халқының сұрауы өте дұрыс. Көпір салу көп қаржыны қажет етеді. Әлі де қажеттілікті дәлелдеп, шығар қаржының шамасын анықтай түсу керек.

Чапаев ауылдық округі әкімі Зейнолла Нұрмұхамбетов: -Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) - ел экономикасының ірі салаларының бірі. Бізде көп қабатты және екі қабатты тұрғын үйлер бар. Осы үйлердің ауыз су, кәріз жүйелер, жарық және жылу жағдайларына жөндеу жүргізу мәселесі өз шешімін таба алмай отыр.

Ш.Өтемісов: -Өте орынды мәселе. Бұдан көп бұрын пәтер иелері кооперативі (ПИК) құрылған болатын. Олардың бәрі бірдей өз жұмыстарын тиянақты атқарған жоқ. Соның кесірінен тұрғын үйлер қараусыз қалды. Үкімет жақында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасын қабылдады. Бағдарламада ТКШ-нің бір-бірімен тығыз байланысты екі бағыты көрсетілген. Атап айтқанда, бірінші бағыт «Жол картасы» бойынша жылумен, электрмен және газбен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, екінші бағыт бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жайы. Биылғы Жолдауда «Күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың үлесі 32 пайыздан 2015 жылға қарай 22 пайызға төмендеуі тиіс» деп көрсетілген болатын, осы бағытта жұмыс өрістеуі тиіс.

«Жайықтехсервис» МКК директоры Мұрат Боқаев: -Ауылдық округтердің кейбіріне мемлекет суды пайдалануға субсидия берді. Соның арқасында 1000 литр су бар болғаны 40 теңге болып отыр. Чапаевта жаз кезінде бір тәулікте 320-350 тонна дейін су пайдаланылады. Қанша электр қуаты кетіп жатыр? Әр тұрғын күніне 40 литр судан артық пайдаланбауы заңдастырылмаған. Үйден мал, бақша суарады, машина жуады. Обал-ақ. Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасы тек ауыз су үшін ғана...

Ш.Өтемісов: -Көрсетілген қамқорлықты дұрыс түсінуге тиістіміз. Шашпашылыққа жол жоқ. Осы бағдарлама қабылданарда судың жұмсалуы анықталып,  бөлініп көрсетілуі керек еді. Әлі де кеш емес. Парламентте бұл мәселеге әдейі тоқталатын боламыз.

Кездесуге келгендер мал өнімдерін өткізудің түйткілді жайлары, Капустин Яр полигонына байланысты жеңілдіктер, үш тілділік және мемлекеттік тіл, Алмалыға кіреберіс жолдың жөнделуі, бау-бақшаға несие беру жайы, оптикалық байланыстың тек сөйлесуге ғана пайдаланылып отырғанына тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Кездесуге қатысқандар халық қалаулыларына бұдан былайғы жұмыстарына тың табыстар тіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364