Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4770 9 пікір 14 Қаңтар, 2019 сағат 13:44

Азаматты қадірлеу ұғымы жоғалып барады

Баяғыда ауылда жүргенде шешелеріміздің аузынан «Ер-азаматтың бетінен алған қатынның жолы болмайды» дегенді жиі еститінмін. Бала болғандықтан ба, ол кездері осы сөздің астарына аса қатты көңіл бөлген жоқпын. Мән бермек түгіл, совет саясаты әйел теңдігін күнде қақсап жатқан уақытта қайран шешелеріміздің айтқан ақылдары менің көзіме ескіліктің көлеңкесінде қалып қойған уағыздай болып елестейтін.

Бір ғажабы, советтік тәрбиенің ығына жығылмаған ақ жаулықты аналарымыз өздері ғана сыйлап қоймай, күйеулерін сыйлауды бізден де талап ететін. «Көкелерің келе жатыр» деген олардың бір ауыз сөзі біз сияқты ауылдың қара домалақтарына «Әкім келе жатыр» дегеннен кем әсер етпейтін. Ойынымызды бірден доғарып, көкелеріміз шәйін ішіп болғанша, үнімізді шығармайтынбыз. Үйдің тәтті тағамдары ең алдымен жұмыстан шаршап-шалдығып келген азаматтың алдына қойылатын, олардан кейін ғана барып біз дастарханға қол созатынбыз (Бүгін бәрі керісінше. Жақсының бәрін әуелі балаларымыздың аузына тосатын болдық. Ойланып көрейікші, бүгінгі ұрпақтың «эгоист» болып бара жатқанына ең алдымен өзіміз кінәлі емеспіз бе, осы. 

Ер-азаматтың бетінен алмақ түгіл, оның алдын кесіп өтудің өзі баяғыда үлкен көргенсіздік болып саналатын.
Әлі есімде. Әжеме еріп Ақшығаннаққа барғанымда, ауыл кемпірлері жасым әлі жетіге де толмай, жерден таяқ жеп жүрген мені «Сен ертең бір шаңырақтың азаматы болатын еркексің» деп төрге шығаратын. 

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда біздің қоғамда бір кездері шешелеріміз қадір тұтып қастерлеген еркектің «культі» жойылып, азаматты қадірлеу ұғымы атымен жоғалып барады. Кейде бастық болып дандайсып кеткен әйелдердің, тіпті, оның іс-әрекеті дұрыс болмаған күннің өзінде, қарамағындағы істейтін азаматқа зекіп жатқанын көргенімде мына жалғаннан түңіліп кете жаздаймын. Соңғы кездері тапа-тал түсте, баласының көзінше күйеуін жерден алып, жерден салып ұрса беретін әйелдерді көшеден жиі көріп қалатын болып жүрмін.

Осындай келеңсіздіктерден кейін әйелдер қауымының «қоғамда еркек қалған жоқ» деп налитынын түсіне алмаймын. Жұмыста әйел бастығынан сөз естіп, үйінде қатын бастығынан ұрыс естіп жүрген жігіттердің бойында еркекке тән мінездің жұғыны қалуы мүмкін бе?

Амангелді Кеңшілікұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434