Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
3905 0 пікір 14 Қаңтар, 2019 сағат 16:56

Алматыда теракт жасамақ болды деген күдікпен Орталық Азия азаматтары ұсталды

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 14 қаңтарда Орталық Азия елінен шыққан бірнеше азаматты террорлық акт жасауға дайындалды деген күдікпен ұстағанын хабарлады.

ҰҚК ақпаратына қарағанда, күдіктілерді ұстау операциясы 10 қаңтар күні өткен. Күдіктілер уақытша тұрып жатқан орындарды тінту кезінде "қуатты жарылғыш заттар жасауға арналған құрылғылар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленген".

ҰҚК қанша күдікті ұсталғанын айтпағанымен, баспасөз қызметі қолдары артына қайырылып, бет-әлпеті жасырылған алты адамның суретін таратты. Ұсталғандардың нақты қай елдің азаматтары екені айтылмайды.

Арнайы қызметтің болжамынша, ұсталғандар "жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматыда халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниеттенген".

ҰҚК ұсталғандар "шетелдегі ДАИШ [Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы - ред.] содырларының нұсқауымен әрекет еткенін" айтады.

Күдіктілерді тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1125
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1560