Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2276 0 пікір 10 Мамыр, 2011 сағат 12:18

Қазкоммерцбанк ардагер салымшыларының депозиттеріне 5 мың теңгеден сыйақы аударды

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   Қазкоммерцбанк пен   «Құс жолы» қоры Жеңістің 66 жылдығына орай 1222 ардагер салымшыларының  банктегі депозиттеріне 5 мың теңгеден  сыйақы аударды.

Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, қаржы институтының Бас кеңсесінің қызметкерлері бұдан бөлек  Алматы қаласының Әуезов және Бостандық ауданында тұратын 86 ардагерді өз бастамаларымен құттықтады.   Олар ардагерлерді  гүл шоғымен құттықтап, азық-түлік салынған кәрзеңке мен түрлі сыйлықтар табыс етті. Бұл  акция банктің барлық филиалында өз жалғасын тауып отыр.  Жалпы Қазкоммерцбанк пен «Құс жолы» қорының Жеңіс күнін  тойлауға арналған биылғы жылғы бюджеті 6,5 милллион теңгені құрады. Бұл шараны олар 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде жүргізіп келе жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6204