Санат Көшкімбаев: Жастар саясаты - мемлекеттік даму стратегиясындағы басымдықтарының бірі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жастардың мәселесін шешу үшін қарапайым және айқын құралдарға сүйенуді ұсынып отыр. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Cанат Көшкімбаев Жастар жылына басталуына қатысты осындай пікір білдірді
«Елбасының Жастар жылының ашылуында айтқан сөзінде жастар саласы мен саясатында пайда болатын тектоникалық үрдістер терең және егжей-тегжейлі талданып көрсетілген. Жастар қоғамның белсенді, ізденуші, демографиялық мобильді бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, әлеуметтік осал және көбінесе түрлі бағыттағы трендттердің ықпалына ұшырайды. Сондықтан, жастар саясаты жалпы мемлекеттік даму стратегиясының басты басымдықтарының бірі. Басқаша айтқанда, асыра сілтеусіз, жастар - елдің болашағы», - дейді Санат Көшкімбаев.
Сарапшының айтуына қарағанда, ертеңгі күнін, болашағын ойлайтын саясаткер күн тәртібіндегі жастардың өзекті мәселелерін жақсы түсінеді. Яғни, Елбасы сөзінің басты бағдары - жүйелі шараларды ретімен жүзеге асыру арқылы көрініс тапқан мемлекеттің жастарға қамқорлығы мен қолдауы.
«Өз кезегінде Президенттің ойлары кәсіптік білім беру және жұмыспен қамту, тұрғын үй және отбасы, денсаулық сақтау және демалыс уақытын өткізу, тәрбие беру және отансүйгіштікке байланысты өзекті мәселелерге бағытталған. Президент аталған мәселелерді шешуде қарапайым және айқын құралдарға сүйенуді ұсынады», - дейді ол.
Cанат Көшкімбаев ірі қалаларда жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларының шеңберінде жылына кемінде бір мың пәтер салынатын еске салды.
«7-20-25» бағдарламасы қазірдің өзінде іске қосылған. «Жас кәсіпкер», «Дипломмен ауылға», «Бастау», «Ауыл - Ел Бесігі» жобалары, «Бизнес-2020» жол картасы жастар бизнесін дамытуға және жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға бағытталған. Білім берудің қолжетімділігін арттыру үшін қосымша 20 мың грант бөлініп, 75 мың орынға арналған жаңа студенттік жатақханалардың құрылысы басталды. Қашықтан оқыту саласы ұсынылған «Open University - Ашық университет» мысалында кеңейтілетін болады. Жалпы, елімізде жаңартылған бағдарламалар бойынша 20 университет және 180 колледж жұмыс істейтін болады. Осының бәрі де жастар үшін атқарылып жатқан шаруалар», - дейді сарапшы.
Еске сала кетсек, күні кеше Президенттің қатысуымен Қазақстанда Жастар жылы ресми түрде басталған болатын. Мемлекет басшысы Астанада ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты шарада жас мамандар мен отбасыларды қолдауға қатысты бірқатар тапсырмаларды жүктеген еді.
Abai.kz