Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2388 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 05:50

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған арнайы кеңес өткізілді

ҚАРАҒАНДЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді.

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Облыс әкімі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік және техникалық жағынан кешенді мәселе екендігін қадап айтты.

Осыған орай облыс басшылығы жол полициясы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті жағдайларды жасап келеді. Жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, оған 46 автомобиль алынды, сыртқы бақылаудың 211 бейнекамерасы, 24 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрал орнатылды, 57 ықшам жылдамдық өлшегіш алынды, компьютерлік техникалар жаңартылды.

Сонымен қатар жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, биылғы жылы тек Қарағанды қаласына облыстық бюджетен «Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде автомобиль жолдарын орташа жөндеуге - 940 млн. теңге, «Алматы-Астана» айналма автомобиль жолына - 219 млн. теңге, автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге және жаңадан салуға - 250 млн. теңге бөлінді.

Дей тұрғанмен, аймақ басшысы атап өткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлі де болса өз деңгейінде болмай отыр. Жүргізушілердің тәртібі босаңсып кеткен, тұрғындар арасында жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары және ірі автобус парктерінде, жеке тасымалдаушылар арасында жол апатына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстары кемшін соғып жатыр.

Тек Қарағандының өзінде бірінші тоқсанда 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оларда 9 адам қаза тауып, 81 жарақат алған.

Осыған байланысты кеңесте Қарағанды облыстық басқармасы және қалалық жол полициясы бөлімі басшыларының, Қарағанды қаласы әкімінің есептері тыңдалды.

Облыс әкімі аталған басшылардан жолдағы тәртіпті күшейту үшін қатаң шаралар қолдануды талап етті. Ол сондай-ақ облыстық ішкі істер департаменті басшыларының назарын Қарағанды жол полициясы бөлімінің жеке құрамымен жұмысты күшейту керектігіне аударды. «Жол полициясы халықтың ойынша билік деген ұғыммен астасып жатады. Сондықтан да олардың іс-әрекеті жаңа талаптарға сай болуы тиіс», - деп атап айтты облыс әкімі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475