Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2815 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 03:45

«eGov» порталы арқылы күн сайын жеке (заңды) тұлғаның жылжымайтын мүлігі жоқтығы (бар болуы) туралы 1500 анықтама беріледі.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Астана қ.                                                                      12  мамыр  2011 ж.

«eGov»  порталы арқылы күн сайын   жеке (заңды) тұлғаның  жылжымайтын мүлігі жоқтығы (бар болуы) туралы  1500 анықтама беріледі.

2008 жылдан бастап электрондық үкіметтің порталы арқылы жеке (заңды) тұлғаның  жылжымайтын мүлігі жоқтығы (бар болуы)туралы анықтаманы беру қызметі көрсетіледі.  2010 жылдың мамыр айынан бері бұл анықтама тек қана электрондық нұсқада беріледі.

Электрондық үкіметтің порталынан аталған құжатты алу үшін қажетті қызмет көрсету  түрін таңдап, мемлекеттік органға  өзіңіздің электрондық сандық  қолтаңбаңызбен куәландырыған сұранымды  жіберуіңіз  керек.  Бірнеше минуттың ішінде сұратқан құжатыңызды  ала аласыз. Өткен жылдың шілде айында қабылданған  «Электрондық үкімет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, порталы арқылы берілетін электрондық анықтамалар заңды болып есептеледі. Бұған қоса, анықтаманың заңды екендігін тексеретін арнайы қорғаныс әдістері бар. Мысалы  коды мен  бақылау нөмірі секілді  арнайы белгілердің көмегімен анықтаманы  мемлекеттік орган  деректер қорынан оңай тауып алады.

Жеке (заңды) тұлғаның  жылжымайтын мүлігі жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама жалдамалы  пәтер алу бағдарламасы   немесе Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламалары  бойынша  құжат тапсырғанда, екінші деңгейдегі банктерден несие алу барысында қажет.

Бүгінгі күні электрондық үкіметтің  порталында  тұрғындарға  электрондық, ақпараттық, транзакциялық қызмет көрсетулер ұсынылады: порталдан сіздер өзіңізді қызықтырған қандай да бір мемлекеттік  қызмет көрсетулер, оның ұсынылуы туралы толық ақпаратты және анықтамаларды онлайн тәртібінде алып,  ол үшін мемлекеттік өтемақыны онлайн  тәртібінде  төлей аласыз.

Электрондық үкіметтің  www.egov.kz порталы  арқылы  бүгінгі күні  3 500 000 е-анықтама берілгенін  айтып  өту  керек.

ҚР БАМ Баспасөз қызметі

/7172/ 74-10-04

mci.gov@gmail.com

www.mci.gov.kz

0 пікір