Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2533 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 08:10

Ермұрат Бапи. Кесел кеденде ме?

Бізде бір-екі жыл сайын сілкілеп тұрмаса, биттеп-құрттап кететін мекеме бар. Кеден деп аталады. Қазаққа қайдан кірген атау екенін біле алмадым: әйтеуір «кесел» деген сөзге жып-жылмағай жұғыса қалады.

Сол кеденнен тағы да кесел шығатын кез кепті: бұдан бірер жыл бұрын біразын түрмеге тығып еді, енді тағы да бір тобын топырлатып тоғытып тастады. Арсы-гүрсі ақпарат ағынына қарасаң, «боевик» кино жүріп жатқандай. Алды - жабылды, арты - іздеуде жүр. Шамасы, жабылғаны - шықпайды, ізделудегісі - табылмайды. Бұрынғы әдет осы болатын.

«Бүгінгі жаңалықтардың реті осындай», - деп, хабар-ошарды сапқа қойып сапыратын ресми теледидарлар пергілеп жатыр: анаусы ұсталды, мынаусы қуғында, «опг» бопты, жеп қойыпты, өйтіпті-сүйтіпті... Жұрт жағасын ұстап отыр.

Ал ресми емесі қайсы дейсіз ғой? Ол енді қызық. Шытырман. Ел ішін кезіп жүрген ресми еместің «реті» мынадай: «опг» деген ұйымдасқан қылмыстық топтың ішінде ішкі істердің су жаңа министрі Қасымовтың қасқа құлын ұлы жүр екен... Ұсталып, қамалып, қуғынға түскен кеденшілер - ұсақ-түйегі: шортандарын Есілдің екі жағалауынан аулайтын көрінеді... Бұл «боевик» Ақорданың маңындағы марқасқа мықтыға қылмысты іс ашуға арналған дейді... «Қарполға» Қалмырзаев қойдырған Қожамжаровтың қолымен от көсеп отырған «кнбшниктер» енді Сарыбайдың өзіне шүйлігетін түрі бар... «Опгшылардың» басшысын осылай ұстамаса, оның қолындағы билікке қатысты «компроматтар» күш алып кетеді екен...

Осылай-осылай кете береді. Өзі кеселі көп кеден болған соң, оны аузы жесе де қан, жемесе де қан «финполға» бақтырған соң, оған сырттан сығырайып, «саяси сыскының» сарбаздары торуыл жасаған соң, ел аралаған сөздің бәрі шыңғырып шықпағанда қайтсін?! Былыққан жерден шыққан өсектің өзі шындықтың шапанын жамылып, жалпақ жұртқа тұмаудан бетер жайыла береді.

Себебі, бұ жұрт жынды емес, бәрін көріп отыр. Тек ит қып жіберген соң, сөйлей алмайды. Кеселдің көкесі кеденнен де керемет екенін біледі. Мәселенки, ерте өтуі ертегіге айналған сайлауларды «налмен» жабдықтайтын бір демеуші осы кеден екенін анау жылдары «Тасжарғаннан» оқыған жұрттың дені - тірі. Кеденге келген көліктен түсетін рәсімнің тең жартысы Астана асатынын да біледі.

...Алыс Аягөздегі Аман аға да біліп отыр екен: «Кедендегі кеселді «құртқан» соң, «финполың» да «на фига» болайын деп тұр, тарқатып жібереді...» - дейді.

«Қайдан білдіңіз?».

«Балық басынан шіритінін білетін қазаққа сөз бе екен? Кесел кеденде емес...»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 17 (100) 11 мамыр 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5513