Нью-Делиде Үндістандағы Қазақстан мәдениетінің күндері жалғасуда
Нью-Делиде Үндістандағы Қазақстан мәдениетінің күндері жалғасуда, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрінің Баспасөз қызметінен.
Шараның ресми ашылу салтанаты 11 мамырда ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамедтің қатысуымен өтті. Мерекелі жиынға қатысушыларды министр Қазақстанның Индиядағы мәдени күндерінің табысты басталуымен құттықтап, әлі күнге дейін біздің халқымыздың арасында үнді киносы мен оның жарқын жұлдыздарын аса құрмет тұтатын көрермен жетерлік. Сол себептен біз сіздерге осы жолы қазақ музыка өнерінің кешегісі мен бүгінгісін танытатын сондай сырлы сазды шығармалардың бір топтамасын әкеліп, назарларыңызға ұсынғалы отырмыз, - деп атап өтті.
Ресми шаралар мамырдың 11-і мен 13-і аралығында өтеді.
Мәдениет күндері шеңберінде Үндістан халқының назарына Қазақстанның үздік музейлерінің бірегей экспонаттары, жетекші оркестрлер мен танымал әншілердің қойылымдары ұсынылатын болады.

Кеше, 11 мамыр күні «Taj Palace» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Алтын және бағалы металдардың мемлекеттік мұражайы және «Құланшы» Қазіргі заманғы мәдениет орталығының көрмелері ашылды. Оның шеңберінде Қазақ даласының Сақ дәуірлерінен басталатын тыныс-тіршілігінен хабар беретін экспонаттар жеткізілген. Бұлардың арасында Шілікті қорғанынан табылған «Алтын адам» мүсіні мен оның пайдаланған бұйымдарының көшірмелері, Шілікті обасынан алынған археологиялық заттар, Жалаулы, Қарғалы көмбелерінен табылған бұйымдар, сондай-ақ XIX-XX ғасырлардағы қазақ зергерлерінің қымбат металдар мен тастардан жасаған әшекейлі-қолданбалы көрнекті өнер туындылары бар. Осылардың бәрі Қазақстан жерінің көне замандардан бергі тарихынан хабар береді.
Сонымен қатар кеше классикалық музыканы сүйіп тыңдайтын Дели тұрғындары «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік ансамбілінің концертін тамашалай алды.
Ал бүгін кешке тілек білдірушілер «Siri Fort Auditorium» концерт залында Қазақстан өнері шеберлерінің қатысуындағы Гала-концертті тамашалай алады. Еркін Шүкманов, Ділбар Бұрханова, Гулзира Бөкейхан, Ақмарал Қайназарова, Медет Чотабаев, Гүлфайруз Құрманғожаева, Жандос Әубәкіров, Күміс Базарбаева, Гаухар Мырзабекова, Мадина Баспаева, Таир Гатауов, Азамат Жылтыргөзов, Нұржамал Үсенбаева сынды орындаушылар Үндістан астанасының тұрғындарына өз өнерін ұсынатын болады.
Ал ертең, 13 мамырда «Manekshaw Centre»-де Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрдің концертімен Қазақстанның Үндістандағы мәдение күндері ресми аяқталады.