Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1969 0 пікір 14 Мамыр, 2011 сағат 06:10

Алматыда ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің екі күндік отырысы өтіп жатыр.

Кеше оларды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған болатын.  Бағдарлама бойынша  министрлердің негізгі мәжілісі бүгінгі күнге жоспарланған. Кеңеске министрлер: Қазақстаннан Ержан Қазыханов, Қырғыстаннан  Руслан Казақбаев, Қытайдан Ян Цзечи, Өзбекстаннан Бақтиёр Исламов,  Ресейден Сергей Лавров,  Тәжікстаннан Хамрахон Зарифи,сондай-ақ  ШЫҰ-ның Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев пен ШЫҰ-ның Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы Атқару комитетінің директоры Жеңісбек  Жұманбеков  қатысуда. Күн тәртібінде  15- маусымда Астана қаласында өтетін Ұйымның 10 жылдығына арналған ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшылары кеңесіне әзірліктің барысы, күн тәртібінің жобасы, онда қол қоюға ұсынылатын құжаттар жобасы, ШЫҰ-ның 10 жылдық қызметінің  негізгі қорытындылары туралы және Ұйымның одан ары дамуының келешегі туралы пікір алмасу,  ШЫҰ-ның халықаралық байланыстары, өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасулар,  қорытынды құжатты қабылдау қарастырылып отыр.  Бұл күндері сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елінен келген әріптестерімен екіжақты кездесуі жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534