Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3471 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 03:19

Астанада «Қазақстан Камератасы» алғаш рет отандық композиторлардың шығармаларын орындайды

Камералық музыканың «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік ансамблі Астанада алғаш рет отандық сазгерлердің шығармаларын орындайды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен.   
Гауһар Мурзабекованың басқаруындағы "Қазақстан Камератасы" Мемлекеттік ансамблі «Iзденic, шабыттану, шарықтау...» бағдарламасын ұсынады.
Қазақстандық авторлардың қазіргі заманғы музыкасының концерті – көпшілік үшін ауқымды да сирек кездесетін құбылыс.
2011 жылғы 25 мамыр күні 19:00 сағатта Президенттік Мәдениет Орталығының залында "Қазақстан Камератасы" ғажайып  бағдарламаны – қазақстандық композиторлардың қазіргі заманғы музыкасын ұсынады. Барлық шығармалар кейінгі екі онжылдық ішінде дүниеге келген. Бұл Музыка мерекесінің Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналуының айтарлықтай мәні бар.  
Бәрінен бұрынғы басты мақсат, қазіргі кезде тоқырап қалған жағдайдағы қазақстандық заманауи композиторлық шығармашылыққа «жан бітіру» ниеті болып табылады. Гауһар Мурзабекованың пайымдауынша "Замандастардың туындыларын орындау, оларды шығармашылыққа ынталандырады. Олай болса, біздің елдегі композиторлық өнердің сапасын арттыруы сөзсіз".

Міне, "Камерата" тағы екінші маусымында да өзі және өз тыңдармандары үшін қазақстандық авторлардың бұрындары еш жерде ойналмаған заманауи музыкасының сұңғыла байлықтарын ашып беріп отыр – олардың қатарында Ақтоты Райымқұлова, Балнұр Қыдырбек, Артық Тоқсанбаев, Владимир Стригоцкий, Гүлжан Үзенбаева, Хабиббула Сетеков, Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров, Алмас Серкебаев, Ольга Хромова және Яков Хан бар.
Анықтама:  
Гауһар Мурзабекова – Қазақстан Республикасының халық  әртісі, скрипкашы, педагог, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка Мемлекеттік ансамблінің құру идеясының авторы, негізін қалаушы және табан аумай келе жатқан көркемдік жетекшісі.
«Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік оркестрі 1997 жылы құрылды.
Оркестрдің құрамында – көпшілігі бұл күнде Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары болып табылатын жас музыканттар.
Кәсіби шеберліктің жоғары деңгейі, ең ұсақ деген нюанстарына да ықтиятпен қарау ұжымға орындаушылықтың қайталанбас стилін жасауға және көпшіліктің тек Қазақстанда ғана емес, біздің Республикамыздан тым шалғай жерлерінде де кеңінен құрметтелуіне де жол ашты.
Қашанда қызықты да қайталанбас репертуар, тың биіктерге деген ұмтылыс, жаңашылдыққа дәйім әзір тұру – «Қазақстан Камератасы» табысының құпиясы, міне, осында жатыр.
«Қазақстан Камератасы» гастрольдерінің жағрапиясы Ұлыбритания, Франция, Алмания, Италия, Чех республикасы, Венгрия, Словакия, Түркия, Македония, Үндістан және т.б. елдерді қамтыған.
Оркестрдің шетелдік сапарларының мақсаты – қазақстандық композиторлардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұжымның шетелдік дирижерлар және солистермен бірге сахнаға шығуларын ұйымдастыру, халықаралық фестивальдерге қатысу болып табылады.
"Камератаның" өзіндік нақты репертуарлық саясаты бар, ол –камералық музыканың қазақстандық сахнада сирек орындалатын үздік үлгілерін насихаттау. Сайып келгенде, оркестрдің әрбір шығысын  премьера деп бағалауға болады.
В 2006 ж. А. Вивальди - А. Пьяцолланың «Жыл мезгілдері» деген бағдарламасын «Қазақстан Камератасы» жазып алды және компакт-диск ретінде шығарды.
Байланыс телефондары: Раушан Мақанова – «ҚАЗАҚСТАН КАМЕРАТАСЫ» камералық музыка ансамблі директорының орынбасары. Ұтқыр тел.: (777) 228 83 93 begin_of_the_skype_highlighting (777) 228 83 93 end_of_the_skype_highlighting begin_of_the_skype_highlighting (777) 228 83 93 end_of_the_skype_highlighting, Астанадағы телефон: (7172) 44 32 87 begin_of_the_skype_highlighting (7172) 44 32 87 end_of_the_skype_highlighting begin_of_the_skype_highlighting (7172) 44 32 87 end_of_the_skype_highlighting.

0 пікір