Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6247 24 пікір 11 Ақпан, 2019 сағат 09:34

Ресей өз саясатын жүргізу үшін қазақ тілді жансыздар жасақтауы мүмкін

Бұрынғы өз тәуелсіздігін алған 14 елдің ішінде тек Қазақстан мен Беларусия ғана Ресейдің дегеніне көніп келеді. Бұған дейін Ресей бізге орыс тілді ақпарат көздері мен жарияланымдар арқылы өз саясатын жүргізіп келді. Енді бұл саясат белорусті ғана (орыс тілді мәліметтер мен деректер арқылы) неоотарлай алады. Ресей қазақты уысында ұстау үшін қазақ тілді ақпаратты сараптау қажет екенін, сол себепті кейбір қазақ тілді қандастарымызды өз жансыздарына айналдыру керектігін аңғара бастады. 

Қазақстандағы жергіліктің ұлттың санының өсуі Ресейді ақпараттық салада жаңа қадамға баруға мәжбүр етті. Әрі оларда "егерәки билік ауыса қалса, көптің сөзін сөйлейтін жаңа басшы келіп, орыс тілінің басынан бағы таяды" деген алысты болжау тағы бар. Осының бәрі ескеріліп, қазақты Ресей ықпалынан шығармай рухани отарлаудың жаңа жоспары жасала бастады. Ол жоспар әзірше шартты түрде гуманитарлық, ақпараттық және мәдени әріптестік деп аталады. Осы жоба аясында қазақ тілді БАҚ құралдарының өкілдерін, жас журналистер мен  блогерлерді ат-түйедей қалап Мәскеуге шақырып, тамыр басу науқаны басталып кетті.

Мәскеудің М. В. Ломоносов атындағы ММУ Ақпараттық-аналитикалық орталығы Ресей мен Қазақстан арасындағы ақпараттық және мәдениетаралық әріптестікті ту еткен «Қазақстан орысша» атты еларалық жобасы бізге не бермекші?

Иә, Қырымды қақалмай жұтқан, әм әлемдік соғыс ошақтарына өз әскерін жіберіп отырған, агрессорлық саясат ұстанатын Ресейдің Қазақстандағы жағымды образын қалыптастыру аясында өмірге келген бұл жобаның бір саусағы ішке бүгулі екені дау тудырмайды. Қазақ тілді ұлттық медиасферамыздың біржақты Ресей ақпараттық үстемдігінің жетегінде кетпей, түрік, ағылшын, араб, қытай т.б. БАҚ  деректері мен мәліметтеріне сүйеніп, өз іргесін бекемдей бастауы Ресейге ауыр соққы болып отыр. Орыс тілінің қазақ медиа кеңістігіндегі іргесінің шайқалуы Кремльді қатты ойландыра бастады. Әрі осындай жиілеп кеткен пресс-турларды көбейту астарында Қазақстандық қазақ тілділер үшін Ресейдің жағымды имиджін қалыптастыру жатыр. Оның үстіне әзірше құр пікір алмасуға шақырып жатыр. Осы пікір алмасуға барған қазақ және орыс тілді жас журналистер мен блогерлерге әріптестіктің шекпенін жауып, қаржылай демеушілік жасап, өз сойылын соғуға жетелеуді түпкі мақсаты етіп отырған сыңайлы.

Осындай пресс-турлардың ұйымдастырушылардың тәубасына келіп: «Осыдан 10 жыл бұрын елдегі орыс-қазақ қатынасында не орын алып, не болып, не қойып жатқанын Қазақстандағы орыс тілді БАҚ мониторингі жасап, елдегі эксперттер мен журналистердің жарияланым бойынша бәрін біліп отыратынбыз. Енді өмір өзгеріп, қазақ тілді сегменте жазып жүргендердің жарияланымдарынсыз бұл ел жайлы еш нәрсе біле алмайтынымыз аян болды» деп ағынан жарылуында көп нәрсе жатыр.

Осындай пікір алмасу барысында оны ұйымдастырушылар бірінің ауқымы кеңіген, енді бірінің тынысы тарылған қос тілді ақпарат кеңістігінің арасындағы қандай айырмашылықтың барлығын білді.

Қазақ елінің «ұлттық ақпарат орталығының» басты ерекшелігі қазақ тілінің өз мәртебесін иеленуге нық қадам жасауы.  Қазақ және орыс тілді бұқаралық медиа контенттің өзара жер мен көктей айырмашылықтары бар. Бірі – мемлекетшілдікті ту етсе, екіншісі – күнделікті күйкі тірлікті күйіттейді. Қазақ тілді БАҚ барлық жастағыларды қамтыса, орыс тілді БАҚ орта жаспен шектеліп отыр.

Бұндай қадамның ар жағындағы басты сұм пиғыл орыс тілді ақпараттың қазақтың мүдесі үшін жұмыс істемей, көрші елдің жыртысын жыртуға жегілуін әлі де қалаушылықтан туып отыр.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387