Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2911 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 05:46

Қазақстан халқының 48 пайызы жұмыспен қамтылған - Г. Әбдіқалықова

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат  /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан халқының 48 пайызы жұмыспен қамтылған. Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, халықты жұмыспен қамтуға ынталандырудың жаңа тетіктерін іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл ретте индустрияландыру картасы шеңберінде 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ. Жаңа нысандардың құрылысы кезеңінде 207 мың адам оған тартылып, кейіннен жаңа кәсіпорындарында 161 мың жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылады»,-деді министр.

Оның айтуынша, еліміздегі индустриялық-инновациялық саясатты тиімді жүзеге асыру ең алдымен еңбек ресурстарына, олардың саны мен сапалы қамтылуына байланысты болмақ. «Қазақстан халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтар бойынша 164 млн. адамға жетті. Халықтың 48 пайыздан астамы -еңбекпен қамтылғандар. Оның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлесі 31,7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16,5 пайызды құрайды»,-деді Г. Әбдіқалықова

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1212
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2739
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 874
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826