Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2739 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 05:47

Қарағандылық фотографтың көрмесінің негізгі кейіпкерлері - келімсектер

ҚАРАҒАНДЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы экологиялық мұражайда фототілші Валерий Калиевтің «Еңбек миграциясы: өмір шындығы мен болашағы» атты көрмесі ашылды.

«Бұл жобаны дайындап жүргеніме біраз болды. Мұндай көрмені ұйымдастыру жергілікті базардағы келімсектерді анықтауға арналған рейд кезінде туындады. Жобаны қаржылық жағынан Open Society Foundations (ашық қоғам институты, Нью-Йорк) халықаралық жобасы қолдады. Институттың грантын жеңіп алып, мен Ыстамбұлда өткізілген семинарға қатыстым. Біздер, жас фотографтар, жетекші әлемдік кәсіби мамандардан шеберлік сыныптарын алдық. Бұл тақырыпқа бойлай түсуге мүмкіндік берді», - деді көрменің авторы.

Құжаттық суреттерде - Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген келімсектердің бет-жүздері. Автор суреттерді Қазақстанның түрлі аймақтары - Қарағанды, Тараз, Жетісай, Сарыағашта түсірген.

«Мен араласқан адамдардың ішінен тағдырына налыған бірде-бір адамды кездестірмедім. Олар физикалық жағынан болмаса да, өте күшті адамдар. Олар өмір үшін күресетін жағдайға тап болған», - деп атап өтті В.Калиев.

«MEDIALIFE» қоғамдық қоры мен «ЭкоМұражай» ҮЕҰ жобаны жүзеге асыруда ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1227
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2754
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 881
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 833