Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 1936 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 05:49

Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жалпы еңбекпен қамтылғандардың 33,3 пайызын құрайды

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат  /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жалпы еңбекпен қамтылғандардың 33,3 пайызын құрайды.

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, еліміздің еңбек нарығында соңғы 10 жылдықта оң өзгерістер көрініс тапқан. Атап айтқанда, халық саны 1,8 миллионға артса, жалдамалы жұмысшылар саны 1,7 миллионға өскен. Мұның өзі жаңадан құрылған жұмыс орындарының да артқандығын білдіреді. Ал қазақстандықтардың нақты кірісі 2,6 есеге жоғарылаған.

«Білім алушылар саны да 1,5 есеге өсті - бұл болашақ үшінгі білікті кадрлар. Жұмыссыздар саны да 1,5 есеге төмендеді. Алайда, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың көрсеткіші еш өзгеріссіз қалды»,-деді министр Г. Әбдіқалықова.

Бұл ретте ведомство басшысы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың еңбек нарығындағы ауқымды еңбек резерві бола алатынын атап өтті. «2010 жылы елдегі жұмыспен қамтылғандардың саны 8,1 млн. адамды құрады. Олардың ішінде жалдамалы жұмысшылар 5,4 млн. адам, немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардың 66,7 пайызын құраса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,7 млн. адам немесе 33,3 пайызды құрап отыр. Сондықтан да өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың мәселесі біздің еліміз үшін өзекті»,-деді министр.

0 пікір