Сауд Арабиясында әлемдегі ең ірі әйелдер университеті ашылды
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - 15 мамырда Сауд Арабиясының королі Абдалла ибн Абдель Азиз, монархиялық отбасының өкілдері және үкімет мүшелері ханшайым Нора бин Абдель Рахманның әлемдегі ең ірі әйелдер университетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Бұл университеттің ашылуы елдегі әйелдерге арналған жоғары білімнің сапасын арттыруға бағытталған батыл қадам болды, деп хабарлайды ВЕСТИ.ру.
Корольдіктің астанасы Эр-Риядтың маңында орналасқан оқу орнының құрылысына 5 млрд. доллар жұмсалды. 50 мың студентті қабылдай алатын кампустың аумағы 800 гектарды құрайды.
Университет ректоры Хода әл-Амиль университет үш жылдың ішінде салынып біткенін айтты. «Осы ұйымның ашылуына орай біз корольге алғысымызды білдіреміз, бұл қызметкерлер мен студенттерді ынталандырмақ», - деді Хода әл-Амиль.