Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2096 0 пікір 17 Мамыр, 2011 сағат 03:24

Елдің солтүстігінде түнде суық сақталады, оңтүстік пен батыста - жаңбыр, найзағай мен күшті желдер күтілуде

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін 17 мамыр күні Қазақстанның солтүстік бөлігі антициклонның ықпалында болады, ауа райы - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз.

Түнде жекелеген жерлерде суық сақталады. Ал Қазақстанның оңтүстік және батыс бөлігінің ауа райына өзімен бірге жаңбырлар, найзағай мен күшті желдер алып келетін -  атмосфералық ағымдар әсер етпек.

Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғып, күн күркірейді. Қызылорда облысында желмен бірге шаңды дауыл көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде найзағай ойнайды, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. Түнде оның екпіні 23 м/с-қа жетіп, құйынды шаң көтеріледі.

Павлодар облысында түнде 0-5 градусқа дейін күн суытса, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында түнде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді.

Ал Қарағанды облысының кей өңірлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Облыстың шығысында температура бағамы түнде 0-4 градусқа дейін төмендейді.

Маңғыстау облысын түнде тұман басады деп күтілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566