Батыс Қазақстанда орташа жалақы 86 мың теңгеден асты
ОРАЛ. 17 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 86018 теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 181,4 мың теңге, бұл облыстық көрсеткіштен 2,1 есеге көп. Сондай-ақ өнеркәсіпте - 163,1 мың теңге (1,9 есеге артық), құрылыста - 154 мың теңге (1,8 есеге жоғары). Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында сақталып отыр, мұндағылардікі орта есеппен облыстық көрсеткіштің 41,7 пайызын құрайды.
Аумақтық жағынан алғанда Бөрлі ауданы алда келеді - 216,1 мың теңге, бұл облыстық көрсеткіштен 2,5 есеге көп.