Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1854 0 пікір 18 Мамыр, 2011 сағат 07:16

Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев әріптестеріне өздерін-өздері таратуды ұсынды

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатын Ирак Елекеев әріптестерін Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге шақырып, егер бұл іс қолдарынан келмесе өздерін-өздері таратуды ұсынды. Ол бұл ұсынысын бүгін, 18 мамыр күні Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

И. Елекеев өз сөзінде мәселе бюджеттен миллиардтаған доллар қаржының жымқырылып жатқанына қатысты болған жағдайда дәп парламентшілер «өрт сөндіруші команда» болуы тиістігін атап көрсетті. «Біз, мәселе қордаланған проблемаларға және мыңдаған әрі миллиондаған сайлаушыларымыздың заңды құқықтарына, жүйелі жемқорлыққа және шенеуніктердің әрекетсіздігіне қатысты болған кезде «өрт сөндіруші команда» болуға тиіспіз», - деді ол. Осы орайда Қазақстанның кеден жүйесінде әрекет етіп келген қылмыстық топтың ауыздықталғанын еске салған депутат, сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық маңызды мәселелер Парламент қабырғасында талқылануы тиістігін атап көрсетті. «Дәл Парламентте қоғамдық пікір туындайды. Біз заң жобаларын қарастыратын жалпы отырыстармен ғана шектеліп қалмай, маңызды қоғамдық қарым-қатынастарды кеңінен талқылауымыз керек», - деді И. Елекеев.

Осы орайда  қоғамда орын алған кейбір сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарға тоқталған депутат, қоғамның жегі құртына айналған бұндай істерде парламентшілер қол қусырып қарап отырмай, сайлаушылардың құқықтарын қорғауы тиістігін,  қылмыстық синдиткаттар қызметінің алдын-алу үшін құқық қорғау органдырына көмектесулері титістігін айтты.  «Егер де бұған қабілетсіз болсақ, онда қәнеки тарайық», - деді И. Елекеев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5539