Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 1968 0 пікір 18 Мамыр, 2011 сағат 07:19

Индустрияландыру картасына кіретін жобалардың ішінде өндірісті жаңғыртуға бағытталған 69 жоба жүзеге асуда

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Үкімет басшысының орынбасары- Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтің айтуынша, осы уақытта Қазақстанның индустрияландыру картасына кіретін жобалардың ішінде өндірісті жаңғыртуға бағытталған 69 жоба  жүзеге асуда.

Оларға салынған инвестиция көлемі 12 миллиард АҚШ долларын құрайды және аталмыш жобалар 84 мың жұмыс орнын ашуы керек. Бұл деректерді бүгін Ә. Исекешев Астанада өтіп жатқан  ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші пленарлық мәжілісінде айтты.

Ә.Исекешовтың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда елдегі шағын кәсіпорындар үшін «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге арналған жаңа қолдау шаралары қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, құны 300 миллион АҚШ долларын құрайтын 230 жобаның сыйақы ставкаларын субсидиялау мақұлданған. Сондай-ақ қаржылық қолдаулармен қатар бизнесті жүргізудің заманға сай жаңа үлгілерін қалыптастыру арқылы кәсіпкерлікті әлеуетін арттыруға күш салынып отыр.

0 пікір