Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5214 15 пікір 21 Ақпан, 2019 сағат 13:48

АҚШ тың Қытайға қарсы аргессиясы күшейді

АҚШ тың әскери әуе және теңіз қорғаныс күштері Қытайды айнала қоршап отыр. АҚШ пен Қытай арасындағы салмақты кикілжің 1979 жылы да орын алған болатын. Одан кейінгі уақыттарда АҚШ пен Қытай арасы дәл қазіргі уақыттағыдай шиеленіскен емес. 2016 жылы екі ел арасындағы сауда саттық бойынша тауар айналымы 560 миллиард АҚШ долларынан асқан еді. 2017 жылы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарым қатынасы аса жоғары деңгейді көрсетті. Бұл сома 710,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Соның ішінде:
• электроқұрылғылар — 146 млрд доллар;
• машины бөлшектері — 110 млрд доллар;
• жиһаз өнімдері — 32 млрд доллар;
• спорттық заттар мен ойыншықтар — 26 млрд доллар;
• пластмасса — 16 млрд доллар;
• қызмет көрсету саласы — 17 млрд долларын құраған.

Ал апта сайын екі ел арасында ұшақпен 110 рейс бір біріне аттандырылады екен. АҚШ та 120 мыңдай қытайлық азаматтар оқыса, Қытайда жүрген АҚШ азаматтары 20 мыңға жетер жетпес көрсеткіште екен. Қазіргі уақытта мұның барлығы айтарлықтай дәрежеде төмендеп кетті.

Дональд Трамптың арнайы тапсырысымен АҚШ тарапынан Қытайға 1300 тауар түрін өткізбеу бойынша бұйрық күшіне енді. Бүгінгі күні екі елдің арасындағы кикілжің асқынып, санкциялық соғыстар мен түрлі саяси әрі халықаралық деңгейдегі кикілжіңге алып келіп отыр. АҚШ пен Қытай арасында ІТ технологиялар саласындағы санкциялық соғыс жоғарыда аталған қаражаттың аса көп бөлігін меншіктеді. Бұл салада Қытайдың ІТ өнертабыстарын жымысқы жолмен ұрлауы, авторлық құқықты өрескел бұзуы әшкереленіп, аса мол қаражаттан қағылды. АҚШ өзінің ІТ саласындағы көптеген өндірісін Малайзияға, Сингапурге, Үндістанға, Вьетнамға филиалдарын салып, көшіріп жатыр.

Қытайда орын алған жағдайдан кейін қытайлық алып компаниялар АҚШ тың сауда министрліктеріне өтініш жазумен тоқтады. Кикілжің мұнымен тоқтаған жоқ. АҚШ Қытайдың ішкі саясатымен орын алып жатқан жазалау лагерлердегі жазалау шараларын, адам құқықтарының тапталуы ешқандай халықаралық құқықтық нормаларға сай емес деп айыптап отыр. Қытайда дәл қазіргі уақытта каммунисттік ұлтшылдық диктатура орнап, өзге ұлттардың құқын таптап, өмірлеріне қауіп төндіріп жатыр. Оның ішінде біздің этникалық қазақтарымыз да бар. Көптеген саяси үйрену лагерлері жұмыс жасап жатыр.
Империялық мүдде әлемді бөліске салған империяның бәріне тән тарихи құбылыс.

АҚШ тарабы дәл қазіргі уақытта Қытайды жан жақтан қоршап, әскери әуе күштері мен теңіз қорғаныс кұштерін Үнді мұхиты мен Тынық мұхиты аралдарына, Тайван аралдарына, Австралия, Жапония, Филиппин, Индонезия, Гонг Конг және Оңтүстік Қытай теңіздері аймақтарына, құрлық бөлігінде Ауғанстан мен Пакистанда қоныстандырған. Әскери базаларды өз аралдарына қондыруға рұқсат берген елдердің барлығы АҚШ тың ұстанымын қолдап отыр. Осыдан біраз бұрын да Филиппиннің аралдарына «Рузвельт» атты соғыс лайнерлері мен жүздеген бомбалаушы ұшақтарын алып келген.

Бұл АҚШ тың Азия құрлығындағы үлкен империялық мүддесінің іске асатынын көрсетіп отыр. Жағдайдың қалай аяқталарын уақыттың өзі көрсетер.

Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394