Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4318 3 пікір 21 Ақпан, 2019 сағат 16:34

Семейлік студенттер үш бірдей жаңа дүние ойлап тапты

Бүгін елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Үздіксіз кәсіби даму бюросы қолдауымен «NEXT GENERATION LEADERS FORUM» атты болашақ іскер көшбасшылардың форумы өтті. Оған Қазақстанның 45 жоғарғы оқу орнынан 400-ден астам студенттер қатысты.

Өз жобаларын сонау Семейден әкеліп, көпшілікке таныстырғандардың арасында Семей медицина университетінің студенттері де болды. Олар солтүстік тұрғындарының ұялы телефондарына арналған айрықша «Termo-case» (ред. чехол) ойлап тапқан. Жас студенттердің айтуынша, аталмыш жоба теріскейде, әсіресе, ауа райы суық өңірлерде тұратын тұрғындарға «Apple» смартфондарын қысқы уақытта кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді екен. «Біз мұнда үш бірдей жобамен келіп отырмыз. Біріншісі «Алақай»  termo-case деп аталады. Бұл құндақтар ауа температурасы тым төмен аймақтарда ұялы телефондары өшіп қалатын тұрғындарға арналған. Termo-case – смартфонға жылы температураны сақтап, суық температураның ішке енбеуіне көмектеседі. Яғни, ұялы телефон аязды күндері де ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін болады, оның қуаттандару батареясы бұрынғыдай тез отырмайтын болады»,-дейді университеттің жалпы медицина факультетінің студенті Ляйля Қасымова.

Болашақ ақ халаттылар әкелген келесі бір жоба – «Touch me» деген атқа ие. Ол көзі көрмейтін немесе нашар көретін балаларға арналған жоба екен. «Бұл жоба көзінде ақауы бар бүлдіршіндерге арналған. Мысалы ата-анасы оған қандай да бір жұмбақ айтады делік. Ол оны қолымен ұстап, қандай зат екенін білуі шарт. Осы арқылы біз баланың қолдарының сезу қабылетін арттырмақпыз. Сол сияқты жақында ғана тағы бір кітап ойлап таптық. Ол да бүлдіршіндердің қолының моторикасын дамытуға арналған. Бөбектер осындай кітапшалар арқылы сандарды, әріптерді таниды, бауды байлап үйренетін болады»,-дейді форумға қатысушы студенттер.

Ал аталмыш университеттің «Стоматология» факультетінің студенті Сұлтанов Нұрсұлтан болса тістің пішінін қалыпқа келтіруге арналған салманы жасап шығаратын құрылғыны ойлап тапқан. Ол бұл құрылғы шетелдік құрылғыларға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі дейді.

«Бұл жобаның аты – «Dentis Device» деп аталады. Ол арқылы адамдар тісті түзету салмасын салып, тістердің орналасу ретін жақсарта алады. Біз тістің түзу болуын қамтамасыз ететін салманы жасап шығаратын құрылғыны ойлап таптық. Бұл құрылғыға сұраныс көп. Неге дейсіздер ғой? Себебі жыл сайын «тіс дәрігері» мамандығын бітіретін студенттердің саны 1000-нан асады екен.   Алайда олардың тек 10%-ы ғана өздерінің жекеменшік клиникаларын ашуға мүмкіндік алады және олардың басым көпшілігі мұндай құрылғыны шетелден, қымбат бағаға сатып алады екен. Ал біздің құрылғылар шетелдік құрылғыларға қарағанда әлдеқайда арзан және оны пайдалану жолы да өте жеңіл. Әзірге мұндай құрылғының бағасын шамамен 60 мың теңге деп бағалап отырмыз. Біздің басты мақсатымыз салманы жасайтын құрылғыны барынша автоманттандыру. Қазірдің өзінде температура датчигін орнатып үлгердік. Жобаны жүзеге асыру барысында білікті тіс дәрігерлерінің кеңестеріне де жүгіндік», - дейді  студенттер.

Айта кетерлігі,  АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросының қолдауымен өткен NEXT GENERATION LEADERS FORUM» шарасы елімізде биыл жарияланған жастар жылы аясында «ENACTUS Qazaqstan» қорының жыл сайынғы іс-шаралар легінің алғашқыларының бірі болып табылады. Форумның басты мақсаты – жас кәсіпкерлер мен болашақ іскери көшбасшыларға өздерінің жобаларын таныстыруға мүмкіндік беру, сондай-ақ, ірі халықаралық компаниялар, жеке бизнес, қаржылық институттар мамандары және сарапшыларымен тәжірибе алмасу болып отыр.

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404