Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәлімдеме 4574 28 пікір 22 Ақпан, 2019 сағат 01:07

Сағынтаев: Елбасына шынайы алғысымды білдіремін

Президент пәрменімен отставкаға кеткен Үкіметтің ендігі экс-басшысы Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев арнайы мәлімдеме жасап, Елбасына алғысын жеткізді. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады. 

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың мәлімдемесін қаз қалпында жариялағанды жөн көрдік.


Бүгін Үкімет отставкаға кетті.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесі тұрғысынан қабылдап келеді.

Мемлекет құру оңай жұмыс емес. Жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тарихи өлшеммен алғанда тым қысқа мерзімде осындай абыройлы Ел ету шын мәнінде шексіз құрметке лайық.

Елбасы — еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті, халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана Елбасының есімімен байланыстырады.

Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін.

ҚР Үкіметінің бұрынғы басшысы Бақытжан Сағынтаев

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387