Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2996 0 пікір 18 Мамыр, 2011 сағат 15:34

Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыс қарқынды дами бермек

Бүгін, 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің қытайлық әріптесі Цай У мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен.

Оның барысында мәдениет саласының екіжақты қарым-қанынасына қатысты бірқатар мәселе қарастырылып, талқыланды.

Сонымен қатар екіжақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде мәдени байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

М.Құл-Мұхаммед мәдениет мемлекет және тіл шекарасын мойындамайтын бірден бір сала екенін атап өтіп, музей ісі саласындағы екіжақты қарым-қатынасты жана сапалы деңгейге шығару қажеттігіне тоқталды. Қазақстан өзінің тарихын көршілес жатқан Қытайдың тарихымен сабақтастықта қарайтындығына назар аударды.

Қытайлық жоғары мейман өз кезегінде мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдіріп, кинематография, мәдени және тарихи маңызы бар ескерткіштерді сақтау, музей ісі саласы бойынша қарым-қатынастарды жандандыра түсу қажеттігіне баса назар аударды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522