Алматы облысында болған дауылдан 10-ға жуық мектеп пен 7 мың гектар егістік алқабы бүлінді
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында болған дауылдан 10-ға жуық мектеп пен 7 мың гектар егістік алқабы бүлінді,деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, 17 мамырда Алматы облысы аумағында екпіні секундына 25 метрге дейін жететін қатты жел соғып, диаметрі 8-9 мм-лік бұршақ жауған болатын.
«Қарасай ауданына қарасты Жаңашамалған ауылдық округінің аумағында, Шамалған стансасында Дүйсеков көшесінде орналасқан орта мектептің аумағы 200 шаршы метрді құрайтын шатыры бүлінді», - делінген ведомствоның бүгін таратылған ақпаратында.
Сонымен қатар дауыл салдарынан Қошманбет ауылындағы мектептің аумағы 100 шаршы метрді құрайтын шатыры, Көлащы ауылдық мектебінің қазандық пен сумен жабдықтау ғимараттарының 300 шаршы метр шатыры қираған.
Ақсай ауылдық округі Алғабас ауылының орта мектебінің де аумағы 400 шаршы метрді құрайтын шатыры, 300 шаршы метрлік ернеуі, Теректі ауылындағы мектептің 100 шаршы метрлік шатыры зардап шеккен. Көксай орта мектебінің де асхана ғимаратының 400 шаршы метрлік шатыры бүлінді. Жамбыл облысының Қазыбекбек стансасындағы орта мектептің 120 терезі қирады.

Сонымен қатар күшті дауыл салдарынан Қарасай ауданында тұрғын үйдің үстіне ағаш құлады. Диаметрі 57 мм-лік төмен қысымды газ құбыры бүлінді. Бірнеше көшеде электр желілері үзілді. Көптеген тұрғын үйлердің шатыры жұлынып, жарамсыз болып қалды.
Мыңбай ауылдық округінде 7 мың гектар егістік алқабы бүлінді.
Ведомствоның атап өтуінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орындарында аудандық комиссиялар құрылды. Олар бүлінген ғимараттарды зерттеп, қалпына келтіру жұмыстары бойынша мәселелерді шешеді.