Сенбі, 23 Қараша 2024
Бір сауал 4624 8 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 10:16

Деноминация дертімізге дауа бола ма!?

Бұрын бағымызды байлап келген қос тілді Теңгенің қазақтануы астарында үлкен саясат бар. Оның бірі – латын жазуының енуі болса, екіншісі -  Ресей рублінің құнсыздануының кесірі тиюден құтқаратын деноминация.

Халықтың ашу ызасын басу үшін Биліктің теңгені әрі қазақтандырып, әрі деноминациялау қадамына амалсыз барғалы отырғанын Альпари ақпараттық-аналитикалық орталығының директоры Александр Разуваев бірінші болып сөз етті  (https://dknews.kz/ekonomika/stoit-li-kazahstanu-zadumatsa-o-denominaci). Әлемдік экономикалық теория бойынша деноминация инфляция 10% құрағанда қолға алынады. Ресми деректерге сенер болсақ, Сағынтаев Үкіметінен қалған мұраның бірі еліміздегі жылдық орташа инфляция 5,2% құраса, биылғы жылдың соңында –4-6% болады деп жобалануда. Бұндай шығарып салма есептеулермен күн сайын бағаның өсуіне көзі үйренген, қаны қарайған халықты ешкім алдай алмайды.

Ұлттық ақшасына деноминация жасау ЕурАзия кеңістігіндегі Ресейде 1998 жылы ал, Белорусь елінде  2016 жылы орын алды.

Егер халықтың әлеуметтік белсенділігін төмендетуге бағыт ұстанған деноминация жүргізілсе, онда доллар – 3,76 теңге, еуро – 4,26 теңге, ал рубль – 5,74 тиын болады деген пікір алға тартыла бастады. Әрі бұл қадам Қазақстанның Ресей ықпалынсыз, Орталық Азия елдерінің көшбасшысына айналуындағы алғашқы экономикалық талпынысы дейді бізді өзімізден де жақсы білетін орыстың сарапшылары.

Егер осы теңгеге жасалатын «Деноминация дертімізге дауа бола ма?» ауыр сұрақ санамызды мазалайды.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364