Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2228 0 пікір 19 Мамыр, 2011 сағат 06:44

Смағұл мәйітінің күлі 77 жылдан соң жер қойнына берілмек

Жетпіс жеті жыл бойы Мәскеудегі "Дон зиратының" бас ғимаратындағы қабырғаға қойылып, арнайы ыдыста сақталып келген,  «Елім!» деп еңіреп өткен қазақ жастарының көшбасшысы, 25 жасында Қазақ КСР-ның Оқу-ағарту министрі болған, Голощекин геноцидіне ашық қарсылық білдірген Алаштың ардақты азаматы Смағұл Сәдуақасұлының  сүйегінің күлі  мұсылманша жерлеу мақсатында үстіміздегі жылғы 22 қаңтарда туған топырағына жеткізілген болатын. Мәйіт күлі содан бері Астана қаласының «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде сақталып келген еді. Астана әкімдігі ресми түрде хабарлағанындай, Смағұл Сәдуақасұлының мәйітінің күлі ертең (20 мамыр 2011ж.)  10 сағатта мешіттен шығарылып, 11сағатта Астрахань трассасы бойындағы ескі мұсылман зиратында жерленеді.

Алаштың ардақты ұлы, қоғам және мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақастың сүйек күлін жерлеу рәсімі  жөнінде осы істің бас қасында болған азаматтың бірі, алашшыл тұлға, ҚР Президентінің Мәжілістегі ресми уәкілі, Сабыр Қасымовқа  хабарласып төмендегі ақпарды алдық:

- Ертең сағат 10-да анау Ғылмани мешітінде діни рәсімнен кейін, сағат 11-де Астрахань тасжолының бойындағы Мұсылман қорымына апарып Смағұл мәйітінің күлін жерлеу жоспарланып жатыр.

- Сонда Алаштың арадақтысы Смағұл жалпы қорымға қойылатын болды ма?

- Солай жерленетін болды, басқа мүмкіндік болмады.Кеше Мемлекеттік хатшы, Мәдениет министрі мен қала әкімі парламентке келіп, осы мәселе бойынша депутаттардың хатына  жауап берді. «Басқа вариант болмайды» делінді. Жерлеу рәсімін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов  басқарып, өткізбекші. Бүгін әкімге Еркеғали Рахмадиев, Тұрсын Жұртбай секілді бір топ астаналық зиялы қауым жиналып барған едік, әкім орнында болмады. Аппарат бәрін дайындап жатыр... Енді жұртқа айтыңдар, рәсімге қатыссын!

Ардақты ағайын, ел, ұлт мүддесі жолында кеудесін оққа тосып,отқа түскен асыл азаматтың рухына тағзым етейік! Абайшыл, Алашшыл болайық!

«Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529