Kім жылына 3 миллион доллар жалақы алады?
«Қазақмыс»корпорациясының жоғарғы буын басшыларының жылдық табысы 1,8 млн фунттан асады, - деп хабарлайды ресейлік БАҚ. «2010 жылдың қорытындысы бойынша, Forbes журналының нұсқасына сәйкес, еліміздің ең бай азаматы саналатын корпорацияның директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким 1 млн 736 мың фунт стерлинг көлемінде жалақы, сыйақы мен бонус алған. Бұл соманың ішінде жалақы - 1 млн 1 мың фунт, сыйақы - 34 мың, бонустар - 701 мың», - деп хабарлайды дүйсенбі күні news.mail.ru интернет-ресурсы.
Статегиялық даму жөніндегі бұрынғы директор Дэвид Манроның өткен жылғы табысы 1 млн 837 мың фунт болған. «Қазақмыстың» басқарушы директоры Олег Новачуктың кірісі 408 мың фунтты құрады, - делінген ақпаратта.
Ескерте кетейік, егер фунт стерлингтің бағамы АҚШ долларынан екі есеге жуық жоғары екенін ескерсек, Владимир Кимнің жылдық жалақысы үш миллион доллардан асып жығылады екен. Бұған оның «Форбс» журналы жариялаған бірнеше миллиард доллар байлығын қосыңыз.
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 18 (101) 18 мамыр 2011 жыл