Н.Назарбаев: "Мемлекет қаржысының дұрыс жұмсалуын қадағалау керек"
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет қаржысының дұрыс жұмсалуын қадағалау керектігін айтты - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Назарбаев бұл ойды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің атқарылуын қадағалайтын республикалық Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдаған кезінде айтқан.
Нұрсұлтан Әбішұлы: "Бұл комитетінің басты міндеті – мемлекет қаржысының дұрыс жұмсалуын қадағалау. Сондықтан да, Сіздердің алдарыңызда бақылау ісінен аудитке көшуге байланысты жаңа міндеттер жүктеліп отыр" дей келіп, Наталья Годуноваға Есеп комитетінің талаптарын күшейтуді, бюджет қаржысын қатаң қадағалауды, әрдайым мемлекеть қаржысын бақылап отыруды және оны өз орнымен жұмсалып, дұрыс бағытта игерілуін ұйымдастыруды тапсырды.
Наталья Годунова өз кезегінде бюджетті игерудің әлемдік тәжірибелерін мысал ете отырып, мемлекет қаржысын оңды жұмсауға аудит жүргізу барысының қалай болғанын да айтты. Соңғы уақытта осы саладағы құқық бұзушылықтың азайғанын, Қазақстан бойынша қаржылық тәртіптің жақсара түскенін нақты сандар арқылы көрсетіп шықты.
Сондай-ақ, Наталья Годунова Нұрсұлтан Әбішұлына 2018 жылдың қорытындылары туралы айтып келіп, мемлекеттік бюджетті игерудегі жеткен жетістіктер мен ішінара болған кемшіліктер туралы мәлімдеді.
Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова ҚР Тұңғыш президенті - Елбасына мемлекеттік һәм салалық бағдарламалар бойынша бюджетің тиімді игерілуіне жүргізілген бақылаулардың нәтижелерін нақты деректермен баяндап берді. Сонымен қатар, қаржылық жоспарлау мен жалпы экономикалық саланың сапасын арттыру үшін Үкіметпен бірлесіп жұмыс жасап жатқанын да баяндады.
Наталья Годунова, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің атқарылуын қадағалайтын республикалық Есеп комитетінің төрайымы:
– Есеп комитеті алдағы уақытта тиімділік аудитіне көшу ісін кешенді түрле жалғастыра беретін болады. Біз осы тиімділік аудитін жүргізу арқылы 2018 жылы жалпы сомасы 430 миллиард теңге қаражатқа байланысты тәртіп бұзушылық болғанын анықтадық. Мұның сыртындағы бухгалтерлік есепсіз жасалған құқық бұзушылықты есепке алсақ, оның мөлшері 16 миллиард теңгеге жетеді. Енді өздеріңіз есептеңіздер. 2017 жылы бұл көрсеткіш 70 миллиард теңгені құраған болатын. Яғни, осы нәтижеден-ақ, мемлекет қаржысын тиімді пайдаланудың артқанын, қаржылық құқық бұзушылықтың азайғанын байқауға болады.
Кездесу аяғында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің атқарылуын қадағалайтын республикалық Есеп комитетінің төрайымына «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына да тиісті бақылау жасау керектігін айтты.
Abai.kz