Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2692 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 03:06

24 мамырда Алматыда жер сілкіну қаупі туындаған жағдайда халықты құлақтандыру бойынша сейсможаттығу өткізіледі

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2011 жылдың 24 мамырында Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкіну қаупі туындаған жағдайда халықты құлақтандыру бойынша сейсможаттығу өткізеді.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Электросиреналар мен үш бағдарламалық хабар тарататын радиотрансляциялық тораб арқылы: «Барлықтарыңыздың назарыңызға! Алматы қаласында сейсможаттығу өткізіліп жатыр. Қала тұрғындарын жер сілкінісі қаупі туындаған жағдайда іс-әрекеттер қолдануды сұраймыз. Дабыл оқыту мақсатта берілді», - мәтіндегі дабылдар берілетін болады.

Күн сайын тәулігіне үш рет - сағат 11.00, 16.00 және 20.00-де радиотрансляциялық тораб арқылы алдағы сейсможаттығу туралы хабарланып тұратын болады. Сондай-ақ сейсможаттығу туралы ақпарат барлық БАҚ-ға таратылды.

Алматы қаласы бойынша ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарын сабырлылық танытып, сейсможаттығуды өткізуге белсенді қатысуға шақырды.

Онымен бірге, 20 мамырдан бастап Алматы қаласы бойынша ТЖД зілзала кезінде қолданылатын іс-қимылдарды пысықтау мақсатында нысандарда оқулар өткізіп жатыр. Оның барысында Департаменттің мамандары инструкторлық-әдістемелік ұсыныстар жасап, ғимараттардан эвакуация жасау жоспарларының сызбаларын пысықтауда.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1131
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746