Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1997 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 03:09

Астанадағы Аграрлық университеттің студенті халықаралық IТ-жарыста екінші орынды иеленіп қайтты

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы Аграрлық университеттің студенті Мәскеуде өткен жас жаңашылдардың «IТ- Планета 2010/2011» халықаралық олимпиадасында  Қазақстанның намысын абыроймен қорғап қайтты.

«IТ- Планета 2010/2011» халықаралық олимпиадасының ақтық сайысы Мәскеу Мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде өтті. Оған 2010 жылы болған сайыста жеті мың үміткердің ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Ресей, Украина және Қазақстаннан барлығы 150 студент қатысты. IТ  жарыста Казақстанның намысын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Алматы Эномика және байланыс институты, Қазақстандық қаржы-экономикалық академиясы, «Тұран» университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттерінен барлығы 17 дарынды студент қорғады.

Нәтижесінде 33 жоғары оқу орнының 39 студенті жүлдегер атанды. Соның ішінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің 2 курс студенті Василий Петров екінші орынды иеленді. «Атмосфера» тақырыбында компьютерлік қосымшалар әзірлеу жобалары байқауына қатысқан В.Петров, Қазақстан командаларының арасында жүлделі орынға ие болған жалғыз қатысушы болды.

Барлық финалистер Олимпиаданың әріптес-компанияларының атынан алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, бағдарламалық өнімдер және оқыту әдебиеттері тарту етіліп, оларға әріптес компаниялар тәжірибе алмасуға шақырулар жасады.

Финал әріптестері  - бағдарламалық өнімдер мен құрал-жабдықтардың әлемдік өндірушілері-  Intel, Oracle, D-Link, 1C, Adobe, Microsoft компаниялары, осы саладағы 1C-Cапа, Центр Знаний, ГНУ/Линуксцентр, Линукс центр Прометей  сынды ресейлік, украиндық және қазақстандық компаниялар, дизайн-студия Бюро Пирогова, Red Keds креативтік агенттігі, Bimash, KAZENERGY ірі компаниялары болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475