Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2514 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 06:26

Шәріпхан Қайсар. Астана Түркіорда бола ала ма?

Мамырдың 19-21 аралығында Астанада «Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық конференция өтті. Бұл жиынды 2010 жылғы қазанда қазақ президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Астанада құрылған Халықаралық Түркі академиясының алғашқы ірі форумы деп атаған абзал. Академияның басты мақсаты - көне дәуірден бүгінге дейінгі түркі әлемі тарихына, тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне тән заңдылықтар мен динамиканы, тарихи оқиғалар мен өзгерістерді және ондағы тұлға мен адам факторын, әсіресе,түркі мелекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше үлесін төлтума деректер негізінде ашу.

Академия әзірге Қазақстан мен Түркия тарапынан бөлінген қаржымен күн көруде. Жуырда бұл ортақ ғылыми ұйымға өз қаржысын Әзірбайжан мен Қырғызстан да қосуы ықтимал. Конференцияда академия төрт тілде (қазақ, түрік, ағылшын, орыс) мақала жариялайтын «Алтаистика және түркология» журналының тұңғыш нөмірін таратты және академияның ресми www.turkacadem.kz сайтының таныстырылымы өтті. Конференция барысында 20 жобаның беті ашылып, мамандар сол жобаларға кірісуді бастап кетті. Одан басқа да ұсынылған жобаларды жүзеге асыру жағы қарастырылуда. Қазірдің өзінде қырық шақты түрлі сала бойынша зерттеу еңбектерін кітапқа айналдыру мәселелері қолға алынып жатқан көрінеді.

Аталмыш конференцияға өкінішке қарай,түрікпен ғалымдары ат-ізін салмады, өзбек бауырлардан келген ғалымдар академияның тікелей шақыруымен келді, басқа түркі мемлекеттері мен елдерінің барлығынан дерлік оқымыстылар келіп, өз зерттемелері мен еңбектерін ортаға салуға тырысты. Жалпы, 20 елден келген ғалымдар бірнеше секцияға бөлініп, барлығы 180 баяндама жасады, жиын материалы екі томдық жинақ түрінде басылып шықты. Конференция қарар қабылдап, онда түркі халықтарының ортақ мәселелерін шешу мен тұтастандыруға қажет әрекеттерге тәй-тәй қадам жасау ұсынылды.

Қатысушылар түркі халқының тұтасуына Қазақстанның орны мен рөлінің зор екенін айтып өтті.Кейбір Османдық түркілер бұл академияның кемінде он жыл бұрын құрылғаны әлдеқайда тиімді болатынын айтып жатты. Дегенмен, осыған да шүкір етіп, түркілік қара шаңырақтың болашақта Астана қаласы болатынына көпшілік үміт артып, ниет білдірді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір