Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 7595 24 пікір 6 Наурыз, 2019 сағат 15:28

Forbes-тегі көкелер байыған сайын қазақ кедейленіп барады

Қазақстандық 5 миллиардер Forbes тізімінде жоғары орынға көтерілді. Америкалық басылым Президенттің қызы мен күйеу баласы Тимур, Динара Құлыбаевтардың жылдық табысын  6,4 миллиард доллар деп бағалаған.

KAZ Minerals plc компаниясы мен “Қазақмыс” корпорациясының иесі Владимир Кимнің де Forbes-тегі тізімі айтарлықтай жоғарылап, табысы өскен. Ол өткен жылы 766 орында болса, биылғы рейтингте 424-орында тұр. Кимнің жылдық табысы жарты миллиард долларға өсіп, жалпы, 4,6 миллиард долларды құраған. Ол әзірге Құлыбаевтардың алдында тұр.

Ал Құлыбаевтардың Forbes-ке сәйкес жиынтық жағдайы - 6,4 миллиард доллардан өзгерген жоқ. Америкалық басылым Динара Құлыбаеваның капиталын 3,2 миллиард долларға бағалайды, оның күйеуінің де табысы осы деңгейде. Өткен жылы бұл жұп Forbes-тің миллиардерлер тізімінде 729-шы орында болған. Ал, биылғы олар 715-орынға көтерілген. Олардың ең үлкен активі – АЛМЭКС компаниясы. Құлыбаевтар сол арқылы елдегі ірі коммерциялық банкті басқарады. Оларға тиесілі “Халық банк” елдегі жалпы банк секторы активтерінің үштен бірінен көп бөлігін құрайды. Сонымен қатар, құрылыс индустриясына, мұнай және газ ұңғымаларын пайдалануға және қызмет көрсетуге тартылған инвестициялық компаниялар да Құлыбаевтарға тиесілі.

Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығына жетекшілік етеді. Және 2009 жылдан бастап ресейлік «Газпром» компаниясының директорлар кеңесінде қызмет атқарды. Ол қазір Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы және Азия Олимпиада Кеңесінің вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының басшысы.

Ал, Президенттің қызы Динара Құлыбаева бүгінде әкесінің атындағы білім беру қорын басқарады. Ол 2017 жылы Ұлттық ғылым академиясының «Педагогика» мамандығы бойынша әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының академигі болды.

Forbes тізімінде тасы өрге домалағандардың бірі - Қазақстан президентінің бұрынғы менеджері Болат Өтемұратов. Ол Forbes-те өткен жылы 924 орында болса, биыл 645-ші орынға көтерілді. Оның капиталы бір жыл ішінде 2,6-дан 3,5 млрд долларға дейін өскен. Өтемұратовтың кәсіпкерлік мүмкіндігі жылжымайтын мүлік, телекоммуникация, БАҚ және банк секторын қамтиды. Forbes-тің айтуынша, бизнесмен жақында Forte Bank-қа 400 миллион доллар жұмсады және оның жылжымайтын мүлік портфелін әртараптандырды.

Ал, ERG тау-кен металлургиялық корпорациясының ортақ иесі Алижан Ибрахимовтың мәртебесі өзгерген жоқ. Оның табысы 2,3 миллиард долларға тең. Қазақстан паспорты бар Өзбекстанның тумасы өткен жылы ол 1070-ші орында болса, биыл 1008 орынға тұрақтаған.

Ал, оның іскерлік әріптестері Паток Шодиев пен Александр Машкевич-те Forbes тізімінен түспейтін дөкейлер. Америкалық басылымда Ибрагимов, Шодиев және Машкевич «Eurasian trio» немесе «Eurasian troika» деп аталады - Eurasian Natural Resources Corp. (ENRC). Оның акциялары Лондонда 2007 жылы сатыла бастады. 2013 жылы ENRC акциялар нарығы төмендеді.

Енді ERG тау-кен өнеркәсібі энергетика, логистика саласы бойынша 14 елде басшылық жасайды. Ал, компанияны Еуразиялық Банк басқарады. Оның директорлар кеңесіне Александр Машкевич пен Әлижан Ибрагимовтың ұлы Шухрат Әлижанов кіреді.

Forbes мәліметінше Израиль азаматы Александр Машкеевичтің жылдық табысы  100 млн. доллардан  2,4 млрд.доллар аралығында. Ал, бельгиялық азамат Чодиевтың өткен жылғы табысы 2,2 миллиард болса, биыл 2,1 миллиардты құраған.

Қазақстан миллиардерлерінің жалпы табысы 16,8 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш екі миллиардтан асқан.

Түйін

Жуырда Numbeo жүйесінің сараптама мамандары 71 мемлекеттің ішінде өмір сүру сапасы бойынша Қазақстан 69 – орында екенін жариялады. Яғни, біз ІЖӨ көлемінен тек Иран мен Египеттің алдындамыз. Ал, Қазақстандағы жұмыссыздар саны өткен жылдың мамыр айында 6,5% болған. Яғни, елімізде 1 млн.нан астам жұмыссыздар бар. Демек, халықтың жағдайы нашарлаған сайын, миллиардерлердің табысы өсіп жатыр.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

 

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1234
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2948
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3299