Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3299 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 04:29

Бүгін батыс пен шығыста жаңбыр, найзағай мен күшті желдер күтілуде, қалған аумақтарда жауын-шашынсыз - Қазгидромет

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Қазақстанның батыс және шығыс өңірлерінің ауа райына атмосфералық ағымдар ықпал етеді.

Олармен жауын-шашындар, жекелеген жерлерде найзағай мен күшті желдер күтілуде. Ал республиканың қалған аумақтары антициклонның әсерінде болып, басым бөлікте күн жауын-шашынсыз өтеді.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 17-22 м/с екпінде жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел соғады.

Ақмола мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктердің гидрометеорологиялық болжамдарына сәйкес, алдағы тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1103
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733