Шолу. "Орталық Азия лидерлері әдетте тақтан тірідей кетпейтін"...
Бүгін 20-наурыз. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші президент ант қабылдады. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Оны жұрт тікелей эфирде көрді. Көздеріне жас алғандар да болды. Әлбетте, сіз бен біз тарихи сәттің куәсі болдық. Ант қабылдап, Қазақстанның Президенті атанған Қасым-Жомарт Кемелұлы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеудесіне «Алтын Жұлдыз» орденін тақты. «Халық Қаһарманы» атағын берді. Сөйтіп, шығарып салды.
Енді президент – Тоқаев. Ал Қазақстандағы екінші адам – Дариға Нұрсұлтанқызы. Иә, Дариға Назарбаева Сенат спикері болып тағайындалды.
Ал Ақорданы босатып берген Нұрсұлтан Назарбаев енді Қауіпсіздік Кеңесін һәм "Нұр Отан" партиясын басқарады.
Айтпақшы, 2018 жылдың маусымында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі (ол кезде Сенат спикері еді) ВВС агенттігіне сұхбат беріп, Назарбаевтың 2020 жылы сайлауға түспейтінін айтып қалған еді. Ол кезде спикердің сөздері қазақ қоғамында қызу талқы болған.
Ал кеше кешкі уақта ендігі экс-президент Назарбаев мәлімдеме жасап, өз қызметін тоқтататынын, ел тізгінін Тоқаевқа тапсырып беретінін хабарлады.
Назарбаевтың кешегі мәлімдемесі мен бүгінгі президенттің ант қабылдауы Қазақстанның ішкі ақпаратында ғана емес, әлемдік медианың талқысында болды. Ағылшын тілді ақпарат Қазақстандағы билік ауысуы туралы аз жазған жоқ. Washington post, Financial times, Bloomberg қатарлы ақпараттық агенттіктер Назарбаев отставкасын жарыса жазып жатыр. Сонымен ағылшын ақпараты не дейді? Біз шолып шығамыз, бүгін...
Назарбаев сайлауда Тоқаевтың кандидатурасын алып шығуы мүмкін
Eurоnews сайты Назарбаевтың қызметтен кетуі мен билік ауысуына қатысты Cеntral Asian Analytical Network (CAAN) сайытының редакторы Айтолқын Құрманованың пікірін алған екен.
«Сарапшылардың пікірінше, Назарбаевтың отставкаға кетуі 2020 жылғы президенттік сайлауға түсуден бас тартуынан. Алайда бұл Назарбаев елді бақылауда ұстауын тоқтатады деген сөз емес» деп жазады.
Тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевты дәл осы Назарбаевтың өзі қолдап, келер болатын сайлауда билік партиясы атынан үміткер етуі де мүмкін деген болжам жасайды.
«Назарбаевтың отставкасы көптеген адамдарға күтпеген жаңалық болды. Мұндай шешім қабылданатынын санаулы ғана адамдар білген болуы керек. Кремльдің таратқан ақпаратына сүйенсек, Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен еді. Екеу ара әңгіменің мазмұны туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқан жоқ» дейді.
Назарбаев 30 жыл бойы Қазақстанды басқарған жалғыз адам
«Қазақстанның көшбасшысы Назарбаев 3 декададан соң отставкаға кетті». Бұл атақты BBC агенттігі жазған мақаланың тақырыбы.
«1990-жылдардан бері елді басқарып келе жатқан жалғыз адам Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетті. Теле-үндеуде ол бұл шешімді қабылдау оңайға соқпағанын, алайда жас буын көшбасшыларға көмектескісі келетінін айтты.
78 жастағы Назарбаев мырза 1989 жылы мұнайға бай мемлекеттің негізгі көшбасшысы болды. Ол елдегі билік партиясының жетекшісі ретінде өз ықпалын сақтап қалады. Назарбаев мырза елдегі ең ықпалды Қауіпсіздік кеңесінің тізгінін ұстады және «Ұлт Көшбасшысы» деген атағы сақталды» деп жазады аталған агенттік.
(Kazakhstan's President Nursultan Nazarbayev, the only man to lead the country since it emerged from the collapse of the Soviet Union in the early 1990s, has resigned. In a televised address, he said the decision was "not easy" but he wanted to help "a new generation of leaders". Mr Nazarbayev, 78, has been largely unchallenged as leader of the oil-rich nation since 1989. He will retain much of his influence as head of the governing party. Mr Nazarbayev will remain at the helm of the influential security council and will hold the formal title Leader of the Nation)
Ақорданың ресми ақпараттары мен экс-президент Назарбаевтың үндеуінде айтылған ақпараттарды талдаған агенттік өткендегі Үкімет отставкасын да тілге тиек етіпті.
«Бұрынғы темірші қайта сайлауға түсуге тырысады деп күтілген еді және ол ешқашан өз мұрагерін көрсетпеген. Бұл жолғы үндеуі ел экономикасын көтере алмаған Үкіметті отставкаға жібергеннен кейін бірнеше аптадан соң жарияланды» дейді.
(The former steel worker had been widely expected to seek re-election and has never indicated a successor. The announcement comes just weeks after the leader sacked the country's government, citing failures to improve the economy)
«Соңғы бірнеше айдан, тіпті бірнеше жылдан бері Назарбаевтың отставкасы туралы сыбыстар айтыла бастаған. Жуық арадан бері бұл сыбыстар шынға айнала бастады да. Ол өзі Конституциялық соттан президенттің отставкасы туралы сұраған еді. Сот оның отаставкаға кетуге құқысы барын айтқан. Алайда оның бұл жолғы үндеуін көпшілік күтпеген болатын.
Назарбаев мырза Тәуелсіз Қазақстан көрген жалғыз президент еді. Көп жұрт оны Орталық Азияның авторитарлы елдеріне тән тәжірбиеге сап, өле-өлгенше президент болады деп ойлаған.
Ол тіпті елдегі әділ әрі еркін сайлаусыз-ақ, кең танымалдылыққа ие болды. Дегенмен, экономикалық дағдарыс кесірінен елде оған көңілі толмайтындар көбейді» дейді.
(In the past few months and even years, there has been speculation about Mr Nazarbayev's imminent resignation. These rumours reached a new level recently when he formally requested the Constitutional Court to clarify the process of a presidential resignation. The court confirmed that the president had a right to resign. However, his announcement today still caught many by surprise.
Mr Nazarbayev is the only president independent Kazakhstan has known. Many regarded him as a president for life, a common practice for authoritarian states in Central Asia.
He enjoyed great popularity, although it was never possible to independently measure it due to the lack of free and fair elections. Yet, because of the economic crisis, he has faced growing discontent from some of the population)
Назарбаев Қазақстанды тақсыз отырып басқармақ
«Биліктегі 30 жылдан соң Президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетті». Бұл TheGuardian басылымы жариялаған мақаланың атауы.
«Орталық Азиядағы мемлекеттің көшбасшысы ретінде 30 жыл билікте болған Қазақстан президенті отаставкаға кетті. Алайда ол ел тағын қолынан жіберген жоқ. Себебі ол Қазақстанның әскери-саяси бюрократиялық тетіктері саналатын негізгі ықпалды күштерге ие болып қалды» деп жазады әңгіменің әлқиссасын.
(Kazakhstan’s president has announced his retirement after nearly 30 years as leader of the central Asian nation – but he will likely remain a power behind the throne, analysts said, as he retains key posts in Kazakhstan’s military and political bureaucracy)
«Нұрсұлтан Назарбаев Сәбет одағы ыдыраған соң мұнайға бай мемлекетті басқарды. Әуелі оның коммунист лидері болды. Тәуелсіздік алған соң, президенті атанды» депті сараптамада.
Назарбаев пост-кеңестік автократтарға шегіне отырып жеңімпаз болудың үлгісін көрсетті
Кейт Маллисон дейтін сарапшы Назарбаевтың отставкасы туралы пікір айтып, былай депті: «Назарбаевтың отставкасы күтпеген жаңалық болғанымен, ол саясатта айтарлықтай өзгерістердің болатынын меңземейді. Оның елдің ішкі саясаты мен қауіпсіздік саясатын бақылайтын Қауіпсіздік кеңесіндегі беделі – оған Қазақстанды тақсыз отырып басқаруға мүмкіндік береді» дейді.
(While Nazarbayev’s resignation “comes as a surprise, it does not signal any immediate major policy shifts,” said Kate Mallinson of Chatham House. His control of the security council, which sets guidelines for foreign and security policies, would enable him to “continue to rule Kazakhstan as the power behind the throne”)
Әрі қарай Назарбаевтың орнын жас саясаткерлерге беретіні туралы өз сөздерін мысал ете отырып, оның бұл шешімін Қазақстанмен көршілес орналасқан мемлекеттерге үлгі ретінде ұсынады.
«Оның ел күтпеген бұл жүрісі Владимир Путинді қоса айтқанда қартайып бара жатқан пост-кеңестік елдердің автократтарына өзі құрған саяси жүйе мен биліктен қауіпсіз жолмен бас тарта отырып, жеңілмей шығудың шын үлгісін көрсетті. Нәтижеде – жеңімпаз бәріне ие болды».
(The manoeuvre may answer a key question for ageing post-Soviet autocrats, including Vladimir Putin: how to safely relinquish power in the winner-takes-all political systems that they have created)
Тоқаев президенттің лейтенанты
Бұдан әрі Назарбаевтың 1990-жылдан бергі елдегі саяси қадамдары мен елдегі сайлаулар туралы аз-кем сөз еткен. Сөйтіп, жаңағы Кейт Маллисон деген сарапшының Тоқаев туралы пікірін беріпті.
«Тоқаев – ең сенімді қол. Ол президенттің лейтенанты. Қазақстанда президенттік сайлау 2020 жылы өтуі тиіс. Алайда мұрагерді анықтау үшін оның уақыты өзгеруі мүмкін» депті Малиссон.
(“Tokayev is a safe pair of hands; he is a loyal presidential lieutenant,” Mallinson said. Presidential elections are set for 2020 but could be moved up to install a successor sooner, she added)
Мақаланың түйініне таман аталған басылым Қазақстанның территориялық орналасуын, оның Қытай және Ресеймен шекераласып жатқанын, мұнай мен газға бай мемлекет екенін сөз етіп, сол мұнай мен газдың арқасында ғана Қазақстан старатегиялық әрі экономикалық маңызға шығып отыр дейді.
Назарбаев туралы сөз ете отырып, Ол Қазақстан президенті болып тұрғанда елде жұмсақ авторитаризм орнатқанын айтады. Алайда ол өзінің түркімен көршісі Сапармұрат Ниязов секілді алтыннан ескерткіш орнатқан жоқ. Немесе өзбек көршісі Ислам Каримов секілді қатал саясат ұстанған жоқ деп жазады.
Назарбаев сценариін Путин де қайталай ма?
«Кремль өкілінің айтуынша, Назарбаев отставкаға кету туралы айтпас бұрын, Путинмен телефон арқылы сөйлескен. Олардың не туралы сөйлескені белгісіз. «Бізге Путин туралы сөйлесу керек» кітабының авторы Марк Галеотти Назарбаевтың бұл кетісі Кремлде де қайталануы мүмкін дейді. «Путин қазір өзінің және дәулетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мұрагерсіз оған конституциялық позиция іздеуге тура келеді. Не үшін? Өзіне қауіпсіздікді қамтамасыз ету және саясатқа араласу үшін. Егер өзіне жауапкершілік жүктеуден қашатын болса, ол осындай қадамға барады» дейді Галеотти».
(Putin spoke with Nazarbayev by phone shortly before he announced his resignation, a Kremlin spokesman said. He declined to release details of the call. Mark Galeotti, a security analyst and the author of We Need to Talk About Putin, said that Nazarbayev’s exit strategy could provide a preview of a similar plan in the Kremlin. “[Putin] needs to guarantee the security of his person but also his legacy,” Galeotti said. Without a successor, he would seek a “constitutional position giving him both protection and the scope to intervene in politics if he feels he has to, without keeping him responsible for the tedious duties of day to day governance.”)
ОА лидерлері әдетте тақтан тірідей кетпейтін...
Әл-жазира агенттігі де Назарбаевтың отставкасы туралы ұзын-сонар мақала жазыпты.
«Бұндай шешімге келу – экономикасы шикізат тауарларына тәуелді, 2014 жылғы мұнай бағасының түсуінен кейін тығырықтан барынша шығуға тырысқан және негізгі сауда серіктесі Ресейге қарсы салынған батыс санкциясынан шығынға батқан Қазақстандағы жаппай наразылықтан кейін қабылданды» деп жазады.
(That decision stemmed from rising dissatisfaction in Kazakhstan, where the commodity-dependent economy has struggled to recover from a 2014 plunge in oil prices and Western sanctions against Russia, a key trading partner).
Бұл Назарбаевтың Бақытжан Сағынтаев Үкіметін отставкаға жіберу туралы шешіміне қатысты пікір босла керек.
Әрі қарай Қазақстан жұртшылығының Назарбаев отставкасына қатысты әлемжелідегі және ақпарат құралдарындағы пікірлерін топтапты.
Әл-жазираға пікір білдірген сарапшы Робин Форестье Уокер Назарбаевтың бұл қадамы ОА лидеріне тән еместігін айтқан
«Бұл мемлекеттерді басқаратын адамдар әдетте ең ақырғы демі үзілгенге дейін тақты босатпайды. Меніңше, Назарбаев әр кез билік ауысуының тыныш өткеніне мүдделі болды.
Егер ол тағында отырып қайтыс болғанда, онда елде таққа талас басталып кетер еді. Және Назарбаев осыдан сақтанса керек. Енді оның билік транзитін қалай тапсырып беретінін бақылайтын боламыз. Десек те, ол биліктен біржолата кетпейді» депті.
(People who lead these countries tend to like to cling on to power until the very last minute if they can, and usually it's succumbing to mortality that brings them down ... I think what [Nazarbayev] always wanted was an orderly transition of power.
If he had died then, there might have been a power struggle and I think he always wanted to avoid that. So now, we'll be looking to see how exactly he intends to hand over the reins. He will continue very much to be at the seat of power, even though he's taken this rather exceptional step)
Сөз түйінінде Әл-жазира агенттігі Қазақстандағы ендігі президенттік сайлауда АҚШ пен Ресейдің таласы басталатынын болжайды.
«Назарбаевтың отставкасы келесі билікті тағайындауда АҚШ пен Ресей арасында жаңа шайқасты бастауы мүмкін» деп жазады.
(Nazarbayev's resignation will set the stage for a potential battle between Russia and the United States for influence over the successive government).
Түйін.
Қош! Расында, "Орталық Азия лидерлері әдетте тақтан тірідей кетпейтін"... Назарбаев осы сеңді бұзды. Бұл бір. Екіншіден, Қазақ елінде билік транзиті басталды. Бұл саяси қадамның тыныш өтуіне қара халық пен билік те мүдделі. Сол себепті де, "сырт көз - сыншы" екенін ескеріп, әлемдік ақпарат құралдарында жазылған бірнеше мақалаға еркін аударма жасап отырмыз. Олардың ауыз ыңғайына қарап қазақтың болашағын болжайтын заман туып келеді.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz