Жұма, 4 Қыркүйек 2026
3469 1 пікір 26 Наурыз, 2019 сағат 15:00

БТА банкі Трамптың бұрынғы серігіне қарсы шағым түсірді

"Он жылдан астам уақыт бұрын ұрланды" деген активтерін қайтаруға күш салып жатқан қазақстандық БТА банкі АҚШ-та жаңа шағым түсірді.

Банк өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы серіктерінің бірін айыптап, Мәскеудегі Трамп мұнарасының жобасына ұрланған қаржыны инвестиция ретінде салмақ болды дейді.

Шағымда көрсетілген азаматтардың арасында Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істеген, FBI бұрынғы қызметкері, құрылыс жобалары бойынша бұрын Трамппен әріптес болған Феликс Сатер де бар.

Сатер 27 наурызда АҚШ-та өкілдер палатасының барлау комитеті алдында жауап беруі тиіс. Онда ол ұзақ жылдар бойы Мәскеуде мұнара салуға талпынған қазіргі АҚШ президенті Дональд Трампқа осы істе қалай көмектескені жайлы сұрақтарға жауап береді.

Жаңа шағымда банк өкілдері 2011 жылдан бастап Сатер Әблязов пен Храпуновқа АҚШ-та түрлі іскерлік операциялар арқылы шамамен 40 миллион доллар жымқыруға көмектескен деп жазған.

“Сатер Әблязов пен Храпуновқа және өзгелерге ондаған миллион долларды жымқыруға көмектесті" делінген шағымда.

Онда сонымен бірге ұрланған қаржының бір бөлігін Храпуновтың әпкесі Мәнхэттендегі Трамп мұнарасынан кондоминиум сатып алу үшін жұмсады деп көрсетілген.

Шағымда АҚШ президенті Трамптың аты аталғанмен ол "жымқырылған қаржы жайлы білді" деген айып жоқ.

"Сатер ұрланған қаржы мәселесін талқылау үшін Трамп мұнарасында Ілияс Храпуновпен кездесіп қана қойған жоқ, ол сонымен бірге ықтимал инвестиция жайлы сөйлесу үшін Ілияс пен Дональд Трамп арасында жеке кездесу ұйымдастырды" делінген шағымда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 780
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2083
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 527
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 500